Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ сайтындағы "Заңды тұлға кабинеті" сервисінде жаңа қызметтер іске қосылды

БЖЗҚ сайтының "Жеке кабинет" — https://jurcabinet.enpf.kz/auth "Заңды тұлға кабинеті" бөліміне зейнетақы қызметтерін көрсетуді жақсарту мақсатында жаңа қызметтер енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, сервисті пайдаланушылардың мақсатты аудиториясы-салық агенттері болып табылатын, міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіретін жұмыс берушілер. Сервис жұмыс берушілерге БЖЗҚ-ға жарналардың барлық түрлерін: міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға, өңдеуге және басып шығаруға мүмкіндік береді.

"Заңды тұлға кабинеті" сервисінде БЖЗҚ-ға өңдеу (қызметкерлерді жою және қосу) мүмкіндігі бар төлемдерді жіберу қажет қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан басқа, сервисте төлемдер тарихында бұрын қалыптастырылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді қарауға болады.

Жаңа қызметтер енгізе отырып, сервис жұмыс берушілерге мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Енді сіз өз парақшаңызды компанияңыздың бейіні бойынша ақпаратпен толықтыра аласыз, мысалы, ұйымның мекенжайын, байланыс деректерін (телефон нөмірін) және электрондық пошта мекенжайын қоса аласыз, Е-отініш порталына өтініш бере аласыз және кері байланыс ала аласыз, сондай-ақ кез келген кезеңде жасалған іс-әрекеттер және енгізілген өзгерістер туралы есепті көре аласыз.

Сондай-ақ, сервисті пайдаланушыларда "Заңды тұлға кабинеті" бетінен тікелей сілтеме бойынша ақпараттық-анықтамалық базаларға (реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге, жадынамалар мен нұсқаулықтарға, өтініш бланкілеріне сілтемелер) өту мүмкіндігі пайда болды, яғни қажетті ақпаратты іздеу үшін кабинеттен кетудің қажеті жоқ.

Ең маңызды қосымша! Енді Заңды тұлға кабинетін ЭЦҚ болған жағдайда жеке кәсіпкер мәртебесі бар жеке тұлғалар да пайдалана алады. Бұрын қол қою құқығы бар бірінші басшыға ғана немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген адамға ғана заңды тұлғаның кабинетіне қолжетімділік берілген болатын.

Дата публикации
31 августа 2022
Дата обновления
31 августа 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы