Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-шілденің нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 259 859,8 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 1,8%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (80,6%) 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 209 522,8 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2021 жылғы қаңтар- шілде деңгейінен 6,8%-ға жоғары.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде тамақ өнімдерінің өндірісі 115 757,5 млн. теңгені құрады, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 18,9%-ға, етті қайта өңдеу және консервілеу 18,1%-ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 29,5%-ын алатын машина жасау саласында 61 922,3 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдеге 6,0%-ға артық.
Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 3 564,3 млн. теңгеге өнім шығарылды, өзге де метал емес минералды өнімдер 5 269,6 млн. теңгеге шығарылды немесе бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңге 1,5-ға төмен.
2022 жылғы қаңтар-шілдеде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласындағы көлемі 33 579,3 млн. теңгені құрады.
2022 жылғы қаңтар-шілдеде сумен жабдықтау саласының көлемі 10 030,1 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдеге 89,6%.
ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде 2022-2025 жылға шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 256,9 млрд. теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2022 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 151,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 105,5%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 53,2 мың тоннаны немесе 2021 жылғы қаңтар-шілдеге 103,2% құрады.
|
Сүт |
382,6 |
мың тонна |
(102,0%) |
|
Жұмыртқа |
429,0 |
млн. дана |
(153,1%) |
2022 ж. 01.08. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
|
ІҚМ |
464,2 |
мың бас |
(103,6%) |
|
с.і. сиыр |
222,1 |
мың бас |
(103,4%) |
|
қой |
493,2 |
мың бас |
(102,2%) |
|
ешкі |
19,2 |
мың бас |
(99,8%) |
|
жылқы |
160,9 |
мың бас |
(105,1%) |
|
шошқа |
252,6 |
мың бас |
(112,9%) |
|
құс |
5007,9 |
мың бас |
(101,8%) |
Кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 тамызға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 31 232 бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 2022 жылғы қаңтар-мамырда 229,3 млн, АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 1,7 есе өсті, оның ішінде тауарлар экспорты – 158,9 млн, АҚШ долларын (1,7 есе өсті), импорт – 70,5 млн, АҚШ долларын (2021 жылғы қаңтар-сәуірге 1,6 рет). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 88,4 млн.
Экспорт бойынша негізгі әріптестер Ауғанстан (экспорттың барлық көлемінің 25,1%), Қытай (12,7%), Өзбекстан (20,0%), Польша (8,2%) болып табылады.
Экспорттық жеткізілімдерде ең көп үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: "мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары" - экспорттың барлық көлемінің 98,6%-ы немесе 156,7 млн.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері Қытай (импорттың барлық көлемінің 23,2%), Германия (39,6%), Украина (4,2%), АҚШ (6,1%) болып табылады.
Импорттық жеткізілімдер құрылымында негізгі үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: "Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар" (импорттың барлық көлемінің 64,7%-ы немесе 45,6 млн. Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері" (18,9% немесе 13,3 млн. млн, АҚШ доллары, "мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары" (8,4% немесе 5,9 млн, АҚШ доллары), "металдар және олардан жасалған бұйымдар" (5,0% немесе 3,5 млн, АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар-мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 217,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңнен 6,8% артық, оның ішінде импорт – 187,9 млн, АҚШ доллары (10,6% көп), экспорт – 29,3 млн, АҚШ доллары (12,6% азаю).
Негізгі капиталға инвестициялар. 2022 жылғы қаңтар-шілдеде қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 172 516,3 млн. теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 103,7% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 58,3%), бюджеттік қаражат (14,7%), банк кредиттері (3,1%) және басқа қарыздық қаражат (23,9%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (51,1%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (16,1%), көлік және қоймалау (15,9%), өнеркәсіп (10,2%).
Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтар-шілдеде облыс аумағында жалпы ауданы 93 441 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңге 103,4% құрайды.
Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2022 жылы мыналарға бөлінді:
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3 200,7 млн. теңге. Игеру 2 294,3 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл — Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 12,8 млн. теңге.
Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) 452,3 млн. теңге бөлінген. Игеру 136,4 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
2022 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.
Әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы қантар-шілдеде өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4049 адамды құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,8%-ға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,4 пайызды құрады, бұл 2021 жылы қантар-шілдедегі деңгейден 0,3%-ға төмен.
2022 жылғы 1 тамызға 7960 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 18411 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 2238 адам жіберілді.
2022 жылғы 1 тамызға 6969 азаматқа 339,3 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 252,9 млн. теңгені құрады, 2022 жылғы 1 тамыз жоспарындағы 3 млрд. 400 млн. теңгеден 3 млрд. 396,9 млн. теңге немесе 99,9% игерілді, оның ішінде:
1 тамызына жоспар – 345,4 млн. теңгені, игерілу 344,5 млн. теңгені құрады. Орындалған жұмыстар актілері ұсынылмағандықтан 0,9 млн. теңге игерілмеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен:
Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 48,4 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:
Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 1,5 млн. теңге, 1 тамыз жағдайы бойынша жоспардағы 0,3 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады;
Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн. теңге;
Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 3,2 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1,1 млн. теңгеден қаражат толық игерілді;
Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн. теңге;
Қызылжар ауданының Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн. теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Привольное ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктін салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 1,8 млн. теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 0,6 млн. теңге;
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 2,8 млн. теңге. 2022 жылдың 1 тамызына жоспар – 2,8 млн. теңгені құрады, қаражат толық игерілді.
«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу — 13,1 млн. тенге. Жоспардағы 4 млн. теңгеден игерілу 100 % құрады;
«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу – 1,5 млн. теңге;
«Петропавл қаласында медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу» жұмыс жобасын түзету (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 11, 3 млн. теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылында 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияны жобалау және салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 3 млн. теңге.
Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін субвенциялар есебінен:
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 1,0 млн. теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 2,4 млн. теңге..
Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 15 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 389 шағын-орталық ( 4 жекекменшік) жұмыс атқарады.
2021-2022 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 472 бірлікті құрайды.
«Білім» саласына 2022 жылға 126 266,7 млн. теңге қарастырылды.
2022 ж. 01.08 жоспардағы 74 732,8 млн. теңгеден игерілу 74 280,6 млн. теңгені немесе 99,4% құрады.
Барлығы 2022 жылға білім беру объектілерін дамытуға 10 672,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 3 953,4 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 1 486,0 млн. теңгеден 1 430,9 млн. теңге немесе 96,3% игерілді.
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2020 жыл |
2021 жыл |
Қаңтар-шілде |
2022 ж. 2021 ж. % |
|
|
2021 жыл |
2022 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
104 |
105,5 |
51,6 |
53,2 |
103,2 |
|
Сүт |
мың тонна |
597,8 |
635,2 |
375,0 |
382,6 |
102,0 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
558,4 |
552,9 |
280,3 |
429,0 |
153,1 |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2022 жылғы қаңтар-шілде айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2022 жылғы қаңтар-шілде айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі
