Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ өзiнiң ресми сайты мен мобильдi қосымшасындағы зейнетақы калькуляторын жаңартты

Болжамды зейнетақы калькуляторы болашақ зейнетақыны жоспарлау құралы болып табылады және пайдаланушыға барлық зейнетақы төлемдерiнiң болжалды мөлшерiн, соның iшiнде:

  • мемлекеттiк бюджет (базалық зейнетақы және ортақ (еңбек) зейнетақы);
  • БЖЗҚ-ға жұмыскерлердiң табысынан төленетiн 10% мiндеттi зейнетақы жарналары;
  • 5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары. Оны жұмыс берушi БЖЗҚ-ға еңбек жағдайы қауiптi, зиянды жұмыспен айналысатын жұмыскерлердiң пайдасына аударады;
  • ерiктi зейнетақы жарналарын қоса алғанда есептеуге мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ зейнетақы калькуляторы салымшылар үшiн жаңа функциялармен толықтырылды.

Бiрiншiден, зейнетақы калькуляторы жинақтарды алу жоспарланған жағдайда зейнетақы төлемдерiн есептеуге мүмкiндiк бередi. Пайдаланушы өздiгiнен келесi тетiктердi таңдай алады:

- зейнетақы жинақтарын алатын жылы және қалаған сомасы,

- алынған сомадан жеке табыс салығын (ЖТС) бiр рет ұстап қалу (толық көлемде, БЖЗҚ-дан жинақтарды алу кезiнде) немесе ай сайын (БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу кезiнде тең үлестермен).

Екiншiден, калькуляторға заңнамада көзделген түзету коэффициентiн ескере отырып, қауiптi және зиянды өндiрiстерде кемiнде 60 ай жұмыс iстеген қызметкерлер үшiн БЖЗҚ-дан төленетiн төлемдердi көтермелеу есебi қосылды.

Үшiншiден, калькулятор зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн инвестициялық портфельдi басқарушыларға (ИПБ) аударған жағдайда зейнетақы төлемдерiнiң қозғалысын көруге мүмкiндiк бередi.

Естерiңiзге сала кетсек, зейнетақыны есептеу үшiн «Негiзгi деректер» блогындағы қажеттi өрiстердi — туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақ сомасы және т.б. деректердi толтыру қажет. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте алдын ала тiркелген болсаңыз, калькулятордағы негiзгi өрiстер автоматты түрде толтырылады.

Нәтижелер «Сiздiң зейнетақыңыздың болжамы» блогында көрсетiледi және зейнетке шығу жасы мен күнiн, жинақтар таусылғанға дейiнгi жылдар санын (БЖЗҚ-дан төлемдер алған жағдайда), зейнетке шығу сәтiндегi жалақының болжамды мөлшерiн және табысты болжамды зейнетақыға ауыстыру коэффициентiн, сондай-ақ, кесте және таблица түрiнде көрсетiлген жылдар бойынша болжамды зейнетақының өзгеру үдерiсiн қамтиды.

Зиянды және қауiптi кәсiптердiң қызметкерлерi үшiн түзету коэффициентiн арттыру ескерiлген. Егер зейнет жасына жетуге жинақталған зейнетақы қаражатының болжамды сомасы сақтандыру ұйымында өмiр бойғы зейнетақы аннуитетiн сатып алуға жеткiлiктi болса, калькулятор зейнетақымен қамсыздандырудың осындай түрi — аннуитеттiк төлемдердi есептеудi ұсынады.

Табыстылық деңгейi бойынша болжамдардың өзгеруiн ескере отырып, пайдаланушыға зейнетақы төлемдерiнiң ықтимал нұсқаларын көрсету үшiн нәтижелер пессимистiк, шынайы және оптимистiк деп аталатын үш сценарийде берiледi. Бұл ретте, әрбiр сценарий шеңберiнде зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгi инвестициялық портфельдi басқаратын компаниялардың басқаруына аударылған жағдайда зейнетақы төлемдерiнiң серпiнiн көруге болады.

Осылайша, пайдаланушы өзiнiң болашақ зейнетақысының шамасын бағалап, өзiне ыңғайлы зейнетақыны таңдай алады: тұрғын үйге және (немесе) емделуге зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алуды есепке ала отырып және есепке алмай, зейнетақы жинақтарын ИПБ таңдау арқылы инвестициялаған жағдайда, сондай-ақ, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақының қандай болатынын бiле алады.

Зейнетақыны есептеу нәтижелерi кепiлдендiрiлген төлем емес, болжам болып табылады. Әрбiр салымшының болашақ зейнетақысының мөлшерi оның зейнетақы жинақтарына байланысты екенiн ескеру қажет. Жинақтардың көлемiне ең алдымен, зейнетақы жарналарының мөлшерi, оларды төлеудiң жүйелiлiгi мен толықтығы, сондай-ақ, инвестициялық табыстылық әсер етедi. Болжамды зейнетақы калькуляторының барлық есептiк нәтижелерi нақты құндық мәнде ұсынылады (яғни, болжамның тиiстi кезеңiндегi инфляцияның әсерi ескерiледi).

Тақырып бойынша бейнематериалдар:

https://www.youtube.com/watch?v=42pYCkOQicM

https://www.youtube.com/watch?v=ZDB8ojZUluE

Дата публикации
12 августа 2022
Дата обновления
12 августа 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы