Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-мамырдың нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 171 650,4 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 1,8%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (77,4%) 2021 жылғы қаңтар-мамырда 132 920,1 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2021 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 6,2%-ға жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

2022 жылғы қаңтар-мамырда тамақ өнімдерінің өндірісі 79 464,9 млн. теңгені құрады, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 36,9%-ға, етті қайта өңдеу және консервілеу 12,6%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 24,6%-ын алатын машина жасау саласында 32 677,0 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырға 2,3%-ға төмен.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 2 543,0 млн. теңгеге өнім шығарылды, өзге де метал емес минералды өнімдер 3 289,8 млн. теңгеге шығарылды немесе бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңге 27,4-ға артық.

2022 жылғы қаңтар-мамырда электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласындағы көлемі 27 493,9 млн. теңгені құрады.

2022 жылғы қаңтар-мамырда сумен жабдықтау саласының көлемі 7 014,9 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырға 93,7%.

ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде 2022-2025 жылға шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 256,9 млрд. теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. 2022 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 78,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 107,8%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 34,9 мың тоннаны немесе 2021 жылғы қаңтар-мамырға 104,7% құрады.

Сүт

206,6

мың тонна

(102,8%);

Жұмыртқа

275,3

млн. дана

(1,9 есе артық).

2022 ж. 01.06. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ

515,5

мың бас

(103,4%);

с.і. сиыр

237,1

мың бас

(103,4%);

қой мен ешкі

612,2

мың бас

(103,3%);

жылқы

191,5

мың бас

(106,5%);

шошқа

261,4

мың бас

(113,8%);

құс

5235,2

мың бас

(104,0%).

Кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 маусымға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30 798 бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 183,7 млн, АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 1,7 есе өсті, оның ішінде тауарлар экспорты – 130,7 млн, АҚШ долларын (1,6 есе өсті), импорт – 53,0 млн, АҚШ долларын (2021 жылғы қаңтар-сәуірге 1,8 рет). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 77,6 млн.

Экспорт бойынша негізгі әріптестер Ауғанстан (экспорттың барлық көлемінің 26,8%), Қытай (14,0)%, Өзбекстан (23,5%), Польша (8,6%) болып табылады.

Экспорттық жеткізілімдерде ең көп үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: "мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары" - экспорттың барлық көлемінің 98,5%-ы немесе 128,7 млн.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері Қытай (импорттың барлық көлемінің 22,8%), Германия (39,5%), Украина (4,8%), АҚШ (4,7%) болып табылады.

Импорттық жеткізілімдер құрылымында негізгі үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: "Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар" (импорттың барлық көлемінің 65,0%-ы немесе 34,5 млн. дайын азық-түлік тауарлары" (8,8% немесе 4,7 млн, АҚШ доллары), "металдар және олардан жасалған бұйымдар" (4,8% немесе 2,5 млн, АҚШ доллары).

Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар-ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 159,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңнен 0,7% артық, оның ішінде импорт – 139,2 млн, АҚШ доллары (4,8% көп), экспорт – 20,3 млн, АҚШ доллары (20,8% азаю).

Негізгі капиталға инвестициялар. 2022 жылғы қаңтар-мамырда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 99 430,2 млн. теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 107,1% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 58,4%), бюджеттік қаражат (12,3%), банк кредиттері (3,0%) және басқа қарыздық қаражат (26,3%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (48,1%), көлік және қоймалау (18,9%), өнеркәсіп (14,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,4%).

Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтар-мамырда облыс аумағында жалпы ауданы 42 931 ш.м тұрғын үй енгізілді, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңге 94,0% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2022 жылы мыналарға бөлінді:

  • сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 8 258,8 млн. теңге (РБ – 7 839,8 млн. теңге, МБ – 419,0 млн. теңге). Игеру 908,7 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 96,6%).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3 200,7 млн. теңге. Игеру 1 586,3 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).

«Ауыл — Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 12,8 млн. теңге.

Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) 452,3 млн. теңге бөлінген. Игеру 32,4 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).

2022 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы қантар-мамырда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4175 адамды құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,5%-ға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 2,4 пайызды құрады, бұл 2021 жылы қантар-мамырдағы деңгейден 0,6%-ға жоғары.

2022 жылғы 1 маусымға 5341 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 11779 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 1682 адам жіберілді.

2022 жылғы 1 маусымға 6686 азаматқа 232,5 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 7 млрд. 092,8 млн. теңгені құрады, 2022 жылғы 1 маусым жоспарындағы 2 млрд. 062,2 млн. теңгеден 2 млрд. 058 млн. теңге немесе 99,8% игерілді, оның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 297,7 млн. теңге (ЖБ – 167,7 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 130 млн. теңге), есепті кезең жоспары 37,8 млн. теңгені құрады (ЖБ – 3,6 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 34,2 млн. теңге), атқарылғаны 37,8 млн. теңгені құрады (ЖБ – 3,6 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 34,2 млн. теңге);
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар –
    1 млрд. 712,4 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 712,4 млн. теңге), есепті кезең жоспары 57,9 млн. теңгені құрады (ЖБ – 57,9 млн. теңге), атқарылғаны 54,7 млн. теңге (ЖБ – 54,7 млн. теңге).

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2022 жылы облыстық бюджетте барлығы 1 603,2 млн. теңге қарастырылған. Соның ішінде Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында жылдық жоспар облигациялық қарыз есебінен 1 551,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

  • Петропавл қаласы «Береке» ықшам ауданында ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана салуға – 1 149,5 млн. теңге. 2022 жылдың

1 маусымына жоспар – 100 млн. теңгені құрады, қаражат толық игерілді.

  • Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салуға 401,9 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспары – 233 млн. теңге, игерілу 100%-ды құрады.

Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 48,4 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:

Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 1,5 млн. теңге;

Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн. теңге;

Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу –3,2 млн. теңге. Есепті кезең жоспары – 0,4 млн. теңге, игерілу 100%-ды құрады;

Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн. теңге;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 0,6 млн. теңге;

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 2,8 млн. теңге. 2022 жылдың 1 маусымына жоспар – 2,8 млн. теңгені құрады, қаражат толық игерілді.

Қызылжар ауданының Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн. теңге;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Привольное ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктін салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 1,8 млн. теңге;

«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу — 13,1 млн. тенге;

«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу – 1,5 млн. теңге;

«Петропавл қаласында медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу» жұмыс жобасын түзету (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 11,3 млн. теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылында 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияны жобалау және салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) 3 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін субвенциялар есебінен:

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 1,0 млн. теңге;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 2,4 млн. теңге.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 15 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп — бала бақша» кешені, 389 шағын-орталық ( 4 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2021-2022 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 472 бірлікті құрайды.

«Білім» саласына 2022 жылға 123 391,1 млн. теңге қарастырылды.

2022ж.01.06 жоспардағы 47 583,4 млн. теңгеден игерілу 47 564,3 млн. теңгені немесе 100% құрады.

Барлығы 2022 жылға білім беру объектілерін дамытуға 7 941,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

  • Тайынша қаласында Қазақстан Конституциясы көшесі, 201 бойынша 600 орындық мектеп салу — 864,4 млн. теңге.
  • Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 бойынша 120 орындық мектеп салу – 100,0 млн. теңге.
  • Петропавл қаласында 200 орындық жатын корпусы бар 400 орындық мектеп-интернат салу – 400 млн. теңге.
  • Пушкин көшесі, 85 Б мекенжайында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Kozybaev University Teaching and research center" оқу-зертханалық корпусын салу (сыртқы инженерлік желілер) — 64,1 млн. теңге.
  • Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу. Түзету – 555,4 млн. теңге.
  • Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі үшін 244 орындық жатақхана салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 163,9 млн. теңге.
  • Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желілер) "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу — 8,2 млн. теңге.
  • Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желілер) Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу — 1,2 млн. теңге.
  • Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу – 2 005,3 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 200 млн. теңге қаражат толық игерілді.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 3 888,0 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 485,1 млн. теңгеден 481,9 млн. теңге немесе 99,2% игерілді.

Қосымша

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2020 жыл

2021 жыл

Қаңтар-наурыз

2022 ж. 2021 ж. %

2021 жыл

2022 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

104

105,5

33,3

34,9

104,7

Сүт

мың тонна

597,8

635,2

200,9

206,6

102,8

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

558,4

552,9

146,0

275,3

1,9 есе артық

Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Дата публикации
29 июня 2022
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы