Маусым 23 2022
Бейсенбi, 23 маусым күнi ҚР Кәсiподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннiң басшылығымен аумақтық кәсiподақтар бiрлестiктерiнiң төрағаларымен жұмыс кеңесi өттi.

Кеңестiң күн тәртiбiне сәйкес, Кәсiподақтар Федерациясының ұсынымдарын ескере отырып, әлеуметтiк әрiптестiктi дамыту жөнiндегi қолданыстағы өңiрлiк келiсiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша аумақтық кәсiподақтар бiрлестiктерiнiң қызметi туралы мәселелер қаралды.

Талдау көрсеткендей, көп жағдайда облыс әкiмдiктерi және жұмысшылар және жұмыс берушiлер өкiлдерi қол қойған өңiрлiк келiсiмдердi Қазақстан Республикасының Үкiметi, жұмысшылардың республикалық бiрлестiктерi мен республикалық жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келiсiмге сәйкес қайта қарау қажет.
«Аймақтық келiсiмдер көбiнесе декларативтiк сипатта болады. Қауiпсiздiк пен еңбектi қорғауды қамтамасыз ету, қызметкерлердiң әлеуметтiк кепiлдiктерiн сақтау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi өңiрлiк келiсiмдерде көрсетiлген көрсеткiштер қайта қарауды талап етедi. Кәсiподақтар бұл актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге бастамашы болуы керек, осылайша бiздiң әлеуметтiк әрiптестер жұмысты қағаз жүзiнде емес, нақты түрде жақсартуға ұмтылады.
Сонымен қатар, кәсiподақтардың өзi мiндеттемелердi орындап, әлеуметтiк әрiптестердiң өңiрлiк келiсiмдер бойынша мiндеттемелерiн орындауын бақылауы керек», — деп атап өттi ҚРКФ төрағасы.
Оның айтуынша, әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптарының өңiрлiк келiсiмдердi орындауы туралы мәселенi өңiрлiк үшжақты комиссиялардың келесi отырыстарына шығару керек.
«Еңбекшiлердiң әлеуметтiк-еңбек құқықтарының сақталуына тараптардың бiрдей жауапкершiлiгiнсiз Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жөнiндегi бастамасын iске асыру туралы айту қиын. Кәсiподақ жұмысшылардың құқығын қорғайтын жалғыз ұйым ретiнде бұл мәселеде алдыңғы қатарда болуы тиiс», — деп атап өттi ҚРКФ төрағасы.
Сондай-ақ, Сатыбалды Дәулеталин облыстық кәсiподақ орталықтарына “Еңбек консультациялары” акциясымен кәсiпорындарды қамтуды кеңейту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Естерiңiзге сала кетейiк, ҚР Кәсiподақтар федерациясының қазақстандық кәсiпорындарда еңбек консультацияларын өткiзу жөнiндегi бастамасы әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиямен қолдау тапты.
«Бұл ретте екiжақты бiрлескен консультациялар, ақпарат алмасу туралы болып отыр. Бiр жағынан, жұмыс берушi өндiрiстi басқаруға қатысты ақпаратты кәсiподақтарға, екiншi жағынан кәсiподақтардан еңбек жағдайларына байланысты ақпаратты алады. Бiрлескен консультациялар жүйесi еңбек дауларын азайтуға, тараптар арасындағы ұзаққа созылған текетiрестi болдырмауға ықпал етедi», — деп еске салды әрiптестерiне ҚРКФ төрағасы.
Осыған орай, қазiргi уақытта Қазақстан аймақтарында Еңбек елшiсi кәсiподақ келiссөздерiнiң пулы жұмыс iстеп жатыр. Сатыбалды Дәулеталин бiрде-бiр кәсiпорын келiссөз жүргiзушiлер пулының назарынан тыс қалмауы керектiгiн атап өттi.
«Бiздiң Еңбек елшiсiне барлық кәсiпорындар, әсiресе еңбек даулары бойынша тәуекел картасында тұрғандар келуi керек. Барлық 17 Кәсiподақ орталығына бұл жұмысты тұрақты түрде жүргiзудi тапсырамын. Кәсiпорын қызметкерлерiнiң құқықтары мен мүдделерi кәсiподақ ұйымдарының толық бақылауында болуы керек», — деп атап өттi Сатыбалды Дәулеталин.
ҚРКФ төрағасы федерацияның Заң клиникасының және оның Қазақстан облыстарындағы филиалдарының жұмысына ерекше назар аударды. Заң клиникасы шеңберiнде бүгiнгi күнi Аумақтық кәсiподақтар бiрлестiктерi жанында 17 қоғамдық қабылдау жұмыс iстейдi.
Азаматтарды қабылдау кестелерi қалыптастырылды, олар Қазақстан Республиксы Кәсiподақтар федерациясының сайтында орналастырылған. Қоғамдық қабылдауды Кәсiподақ орталықтарының басшылары, жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары, қызметтiң әртүрлi салалары бойынша локальдi кәсiподақ ұйымдарының жетекшiлерi, заң қызметтерi мен Келiсiм орталықтарының медиаторлары жүргiзедi.
Қоғамдық қабылдаулар аясында ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығында кәсiподақ мүшелерiнiң 1827 өтiнiшi қаралды. Өтiнiштердiң басым бөлiгi еңбек қатынастары, еңбекақы және кәсiподақ қызметi мәселелерiне қатысты болды.
Сатыбалды Дәулеталин өңiрлердегi бастауыш кәсiподақ ұйымдарымен кәсiподақ мүшелерiне тегiн заң көмегiн көрсету бойынша өзара iс-қимыл жұмыстарын күшейтудi және кәсiподақ мүшелерiнiң өтiнiштерi нәтижесi бойынша оларды логикалық аяқтау, оң шешiмдер қабылдау үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жолданған сауалдардың қаралуын тұрақты бақылауды қамтамасыз етудi тапсырды. Бұдан басқа, Кәсiподақтар орталығы заңнамаға сәйкес сот және құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ өңiрлердiң құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылды жолға қою және неғұрлым проблемалық мәселелердi анықтай отырып, оларды одан әрi заңнама нормаларын жетiлдiру арқылы шешу үшiн ай сайын өтiнiштерге талдау жүргiзу қажет.
Қазақстан Республиксы Кәсiподақтар федерациясының медиа орталығы