Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде әкімнің орынбасары, облыстық КТҚҚК төрағасы Ғ. С. Нығыметовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде әкімнің орынбасары, облыстық КТҚҚК төрағасы Ғ. С. Нығыметовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа облыстық комиссияның, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың төрағалары мен мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «Ерте жүктіліктің алдын алу және кәмелетке толмағандарды жыныстық тәрбиелеу туралы (Денсаулық сақтау басқармасы), «Кәмелетке толмағандарды қосымша біліммен қамтамасыз ету туралы», «Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды іске асыру барысы туралы» (Білім басқармасы, мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы), «Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жүргізіп жатқан жұмысы туралы», «Петропавл қаласы аумағында көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы» (Петропавл қ. КТҚҚК).

Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша қабылдаған шаралары талқыланды. Балалар мен жасөспірімдерді қосымша біліммен, сондай-ақ каникул уақытында жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Өңірде шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Петропавл қ. кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жүргізіп жатқан жұмысы, сондай-ақ көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы ақпаратпен қала әкімінің орынбасары - қалалық КТҚҚК төрағасы сөз сөйледі.

КТҚҚК отырысының қорытындысы бойынша облыстық КТҚҚК төрағасымен бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

 

Дата публикации
21 июня 2022
Дата обновления
21 июня 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы