Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ төрағасы ХӘҚҚ халықаралық конференциясында сөз сөйледi

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамының төрағасы Жанат Құрманов мамыр айының басында Эстония астанасы Таллинн қаласында өткен «Адамға бағытталған және бейiмделген әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған сандық ауысу» атты Халықаралық әлеуметтiк қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) 16-шы халықаралық конференциясына онлайн арқылы қатысты.

Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы Қорының басшысы «Клиентке бағдарланған мобильдi қосымшалар: алушылар үшiн электрондық қызметтер құру» тақырыбында баяндама жасап, БЖЗҚ-ның салымшылармен (алушылармен) арадағы iс-әрекетiнiң веб-сервистерi мен электрондық арналарының дамуын, екiншi деңгейдегi банктермен интеграцияны ерекше атап өтiп, мобильдi қосымшаның функционалы және т.б. туралы егжей-тегжейлi айтып бердi. Басқарма төрағасының таныстырылымымен келесi сiлтемеге өту арқылы толығырақ танысуға болады https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/032/0329e43c0443e7a39f56aa40687c3e16.pdf

Қазiргi уақытта салымшылар (алушылар) БЖЗҚ қызметтерiнiң 93% астамын ыңғайлы электрондық форматта пайдалануда. Қор қызметтерiн санаулы минуттың iшiнде үйден шықпай-ақ сайтта және БЖЗҚ мобильдi қосымшасында алуға болады. Салымшылар мен алушылар кез келген уақытта және кез келген жерде жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама алып, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiп, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы, сондай-ақ, ерiктi зейнетақы жарналары бойынша өтiнiш берiп, төлемге берiлген өтiнiштiң мәртебесiн бақылап, т.б. қызметтер ала алады.

Сонымен қатар, Жанат Құрманов Қордың кең дамыған кеңес беру қызметi туралы да ақпаратпен бөлiстi. Салымшылар өз сұрақтарына жауапты байланыс орталығы, enpf.kz корпоративтiк сайты, WhatsApp және Viber чат-боты арқылы, БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi ресми парақшаларынан ала алады.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ мен ХӘҚҚ ынтымақтастығы басқа да мәселелердi қамтиды. 2022 жылдың мамыр айының басында ХӘҚҚ-ның Good Practice Award for Europe 2022 сыйлығын алу үшiн байқаудың қорытындысы шыққан болатын. Халықаралық ұйым бiздiң Қорды салымшыларды қызметпен тең көлемде қамтамасыз ету, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру есебiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiн кеңейту iсiндегi жетiстiктерi үшiн құрмет грамотасымен марапаттады. МАСО марапаты — бұл әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң жұмыс әдiстерiн жақсартудағы қажырлы еңбегi мен жетiстiктерi үшiн берiлетiн құрметтi мадақ. Сыйлық ХӘҚҚ-ға мүше ұйымдардың әлеуметтiк қамсыздандыруды басқару саласындағы озық тәжiрибесiн мойындап, әрi мекемелерге өздерiнiң маңызды әкiмшiлiк бастамалары мен инновациялық шешiмдерiн жаһандық аудиторияға ұсынуға керемет мүмкiндiк бередi.

Дата публикации
02 июня 2022
Дата обновления
02 июня 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы