Меню

Страницы

Статья

Барлық зейнетақы активтерi БЖЗҚ-ға бiрiктiрiлген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 6,2 триллион теңге болды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 13,0 триллион теңге. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгiлi.

Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесi жыл сайын өсiп келедi. Жалпы, барлық зейнетақы активтерiн БЖЗҚ-ға бiрiктiрген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 6,2 трлн теңгеге жеттi.

2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыры аралығындағы таза инвестициялық табыс шамамен 128,7 млрд теңге болды.

Жыл басынан берi геосаяси ахуалдың нашарлауы салдарынан әлемдiк қаржы, тауар нарықтарындағы құбылмалылық өсiп, инфляцияның жоғарылауына, сондай-ақ, зейнетақы активтерiнiң табыстылық көрсеткiштерiне де керi әсерi тидi.

Зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi нарықтық және валюталық қаржы құралдарын қайта бағалау нәтижесiнде өзгерiп отырады. Ол жыл басынан берi түрлi кезеңдерде оң да, терiс те нәтиже көрсеттi.

Зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлi валютада инвестицияланды. Инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, валюталық инвестициялардың басым бөлiгi АҚШ долларымен орналастырылды. Тиiсiнше, доллар бағамы зейнетақы активтерi құрамындағы инвестициялық кiрiске әсер етедi: ұлттық валюта нығайған кезде инвестициялық кiрiс төмендеп, доллар бағамы өскен кезде жоғарылауы мүмкiн. Жалпы алғанда, 2014 жылдан берi зейнетақы активтерiнiң валюталық үлесi 17%-дан 32% дейiн өскенiн атап өту керек.

2022 жылдың қаңтары мен наурыздың басы аралығында АҚШ долларына қатысты теңге бағамы әлсiреп, доллар құны 431 теңгеден 495 теңгеге, одан кейiн 512 теңгеге жеткен болатын. Осылайша, апта сайын зейнетақы активтерiн оң валюталық қайта бағалау қалыптасып, салымшылар өздерiнiң жеке зейнетақы шоттарында айтарлықтай оң инвестициялық табысты байқады. Одан кейiн ұлттық валюта нығайып, сәйкесiнше, доллар бағамы түсе бастады. 1 мамырда 1 доллардың бағасы 448,49 теңге болды. Зейнетақы активтерiн қайта бағалау апта сайын және айдың соңғы күнiнде жүргiзiлетiндiктен, салымшылар өз үзiндi көшiрмелерiнен өзгерiстердi көрiп отырады.

Қаржы нарықтарындағы келеңсiз жағдайлар мен активтердi валюталық қайта бағалау инвестициялық кiрiстiлiкке әсерiн тигiздi. Бұл табыстылық соңғы күнтiзбелiк айда 8,00% құрады.

Зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңiнде талдау орынды. Қысқа мерзiмдi деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) — айқын нәтиже көрсетпейдi, өйткенi, ол нарықтың үнемi құбылмалығына тәуелдi.

Мысалы, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлiнген 2021 жылғы таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгенi құрап, бiр жыл iшiнде түскен жарналардан асып түстi (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк 2021 жылы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқаруымен жыл басынан берi инфляция 8,4% болғанда 11,13% (бұл мерзiмдi банктiк депозиттер бойынша табыстылықтан жоғары) жеттi.

Атап кету керек, бес жыл iшiнде зейнетақы активтерiнiң орташа жылдық кiрiстiлiгi инфляция 6,7% болғанда 9,5%, үш жыл iшiнде инфляция 7,1% болғанда 9,5% болды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi құрылған күннен берi (1998 жыл) инвестициялық кiрiстiлiк 2022 жылдың 1 мамырына қарай өсу қорытындысымен барлық кезеңдегi инфляция 593,98% болғанда 688,00% жеттi. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесi қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 мамырына дейiнгi кезеңде зейнетақы активтерiнiң нақты (яғни, инфляциядан асатын) табыстылығы 94,02% құрады.

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi ашық болып табылады: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильдi қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртiбiнде көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланады.

Дата публикации
30 мая 2022
Дата обновления
30 мая 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы