Меню

Страницы

Статья

СҚО. Өңiрлiк штабтардың отырысы

2022 жылғы 12 мамырда ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу бойынша референдум өткiзудi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар федерациясы төрағасының орынбасарының Н. Өтешев жетекшiлiгiмен Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Семей және Шымкент қалаларының үйлестiру кеңесiнiң және өңiрлiк штабтарының онлайн-отырысы өттi.

Үйлестiру кеңесiнiң жұмысына БАҚ өкiлдерi қатысты. Отырысты ашқан Н.Өтешев кәсiподақтар қызметкерлердiң iрi бiрлестiгi ретiнде еңбек адамының заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғай отырып, қоғамдағы әлеуметтiк әдiлеттiлiктiң дамуына үлес қосатынын атап өттi. Негiзгi заңға ұсынылатын өзгерiстер мен толықтырулар әрбiр азаматтың негiзгi құқықтары мен кепiлдiктерiн, қоғамдағы тұрақтылық пен бiрлiктi қорғауға бағытталған.

СҚО Кәсiподақ орталығының төрағасы Е.Нұрақаев өз сөзiнде Үйлестiру кеңесiнiң қатысушыларына облыстық кәсiподақтар мүшелерiн референдум жөнiндегi нормативтiк-құқықтық актiлермен, ҚРКФ кәсiподақ мүшелерiне үндеуiмен таныстыру бойынша жұмыс басталғанын хабарлады. Конституцияға ұсынылып отырған өзгерiстер мен толықтырулар өзара байланысты және олар бiр мақсатқа — жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшiн құқықтық база құруға бағынады.

Отырыста конституциялық реформаларды түсiндiру мәселелерi бойынша референдумды қоғамдық қолдау штабы, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтыруларды түсiндiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлдi.

Кәсiподақ орталығы жанынан кәсiподақ мүшелерi үшiн конституциялық реформа және референдумда дауыс беруге қатысу мәселелерi бойынша жедел желi ашылды. Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7152)46-08-53, 46-48-49.

СҚО. Өңiрлiк штабтардың отырысы

СҚО. Өңiрлiк штабтардың отырысы

СҚО. Өңiрлiк штабтардың отырысы

Дата публикации
16 мая 2022
Дата обновления
16 мая 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы