Меню

Страницы

Статья

Бес жыл iшiнде БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарын 13,1 триллион теңгеге дейiн қалай көбейттi?

2021 жылдың соңында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң enpf.kz корпоративтiк сайтында Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлген 2022-2026 жылдарға арналған жаңартылған Корпоративтiк даму cтратегиясын жариялады. Iлкiдегi Корпоративтiк стратегия 2017 жылы бекiтiлiп,ондағы БЖЗҚ-ның 2021 жылға дейiнгi кезеңге арналған мақсаттары мен мiндеттерi орындалған болатын. Бүгiнгi жарияланымда Қордың соңғы бес жылда атқарған жұмысына толығырақ тоқталамыз. Әрине, оның барлығын шағын мақалаға сыйғызу мүмкiн емес, бiрақ өткен жылдардағы ең есте қаларлық оқиғаларды атап кетелiк.

Даму стратегиясы қолданылған бес жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының көлемi 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 13,1 трлн теңгеге (ЖIӨ-нiң 16,1%) жетiп, 5,3 трлн теңгеге немесе 68% ұлғайды. Осылайша, аталған кезеңде зейнетақы жинақтарының орташа жылдық өсуi ЖIӨ өсiмiнен асып түстi. Зейнетақы жинақтарының, сондай-ақ, зейнетақы жарналарының, инвестициялық табыстың, зейнетақы төлемдерiнiң және т. б. өсуi байқалады.

Зейнетақы активтерiнiң 2017-2021 жылдардағы жылдық орташа табыстылығы орташа жылдық инфляция 6,7% болғанда 9,6% құрады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi (ЖЗЖ) енгiзiлген сәттен бастап жинақталған кiрiстiлiк көрсеткiшi 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған инфляция деңгейiнен 1,2 есе жоғары болды (тиiсiнше, 681,13% және 546,77%).

2017-2021 жылдар аралығында жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушылар (МЗЖ бойынша бiрегей салымшылар мен алушылар) саны 1,9 млн адамға немесе 20,9% артып, 10,9 млн адамға жеттi. 2022 жылдың 1 қаңтарына жарналардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 11,5 млн бiрлiктi құрады. ЖЗШ-ның орташа жылдық өсу қарқыны кезең iшiнде 4%.

2021 жылы ЖЗЖ белсендi қатысушыларының саны (ЖЗШ-на бiр жыл iшiнде ең болмағанда бiр МЗЖ түскен) 7 млн адамды немесе жұмыспен қамтылған халық санының 79,5% құрады. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Ұлттық статистика бюросының деректерi бойынша, жұмыс iстейтiн халықтың жалпы саны — 8,8 млн адам.

Барлық жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады. 2019 жылдың қаңтарынан бастап мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша шот алғашқы жарна түскенде ашылады. 2021 жылы ерiктi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу үшiн ЖЗШ ашу автоматты форматқа ауыстырылды. Ақпараттық технологиялар қызметтерiн басқару жүйесiнiң сертификаттау аудитi және сапа менеджментi жүйесiнiң қайта сертификаттау аудитi және т. б. сәттi өттi.

БЖЗҚ-ға сенiм арту және жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы бiлiм деңгейiне қатысты көрсеткiштер назар аудартады. Атап айтқанда, «Қазақстанның зейнетақы жүйесi және БЖЗҚ қызметтерi туралы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген респонденттердiң үлесi» көрсеткiшi мақсатты мән 63,5% болғанда 69,9% құрады. Көрсеткiш базалық сауалдардың жауаптарына байланысты бағаланады. Бұл ретте әлеуметтiк сауалнама базалық сұрақтар (базалық деңгей) мен күрделi сұрақтарды (iлгерi деңгей) да қамтыды. Бұдан басқа, халықтың БЖЗҚ-ға деген сенiм индексi 79% жеттi (мақсатты көрсеткiш 74%).

Сондай-ақ, Қор Қазақстан Республикасының заңнамасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды да жүргiздi. Мысалы, 2018 жылдан бастап зейнет жасына жеткен тұлғаларға «Бiр терезе» қағидаты бойынша тек Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгiнуге болады; салық салуда ерiктi зейнетақы жарналарының артықшылықтары мен пайдалану мүмкiндiктерi кеңейтiлдi. 2021 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылдың 20 желтоқсандағы Келiсiм күшiне ендi. Келiсiмнiң негiзгi мақсаты — еңбекшiлерге сол өздерi жұмыс iстеп жатқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттiң азаматтарына тән шарт пен тәртiптегi зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады.

БЖЗҚ-ның алдыңғы бес жылдағы даму стратегиясын жүзеге асыру — БЖЗҚ салымшыларын (алушыларын) сапалы қызмет қана емес, лайықты төлемдермен қамтамасыз ету бағытындағы кезеңдердiң бiрi ғана екенiн атап кеткен абзал.

Дата публикации
27 апреля 2022
Дата обновления
27 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы