Меню

Страницы

Статья

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi қолданылғаннан берi зейнетақы активтерiнiң жинақталған кiрiстiлiгi жинақталған инфляциядан 117,84% асты

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша 13,0 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгiлi.

Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесi жыл сайын өсiп келедi. Жалпы, барлық зейнетақы активтерi БЖЗҚ-ға бiрiктiрiлген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 6,3 трлн теңгенi құрады.

2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуiрi аралығында инвестициялық табыс шамамен 295,8 млрд теңгеге өстi.

Биыл жыл басынан берi геосаяси ахуалға байланысты әлемдiк қаржы, тауар нарықтарында құбылмалылық басым болып, бұл инфляцияның өсуiне де, зейнетақы активтерiнiң табыстылық көрсеткiштерiне де әсерiн тигiздi.

2022 жылдың наурыз айында Қазақстандағы инфляция деңгейi 2016 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғарғы жылдық мәнге жетiп, 12% дейiн өстi. Инфляцияға әсер еткен азық-түлiк тауарларының қымбаттауы болып, баға өсiмi 15,4% жеттi. Сонымен қатар, тұрмыстық заттар мен қызмет құны да күрт өстi.

Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау салдарынан өзгерiп, жыл басынан берi түрлi кезеңдерде оң да, терiс те қалыптасты.

Зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлi валютада инвестицияланған. Инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, валюталық инвестициялардың басым бөлiгi АҚШ долларымен орналастырылды. Тиiсiнше, доллар бағамы зейнетақы активтерi құрамындағы инвестициялық кiрiске әсер етедi: ұлттық валюта нығайған кезде инвестициялық кiрiс төмендеп, доллар бағамы өскен кезде жоғарылауы мүмкiн.

2022 жылдың қаңтары мен наурыздың басы аралығында АҚШ долларына қатысты теңге бағамы әлсiреп, доллар құны 431 теңгеден 495 теңгеге дейiн, одан әрi 512 теңгеге дейiн өскен болатын. Осылайша, апта сайын зейнетақы активтерiн оң валюталық қайта бағалау қалыптасты. Салымшылар да өздерiнiң жеке зейнетақы шоттарында айтарлықтай оң инвестициялық табысты байқады. Содан кейiн ұлттық валюта нығайып, доллар бағамы сәйкесiнше, төмендедi. 1 сәуiрде 1 доллардың бағамы 466 теңге болды.

Нәтижесiнде қаржы нарығындағы жағымсыз оқиғалар және активтердi валюталық қайта бағалау инвестициялық кiрiстiлiкке керi әсер еттi. Соңғы күнтiзбелiк 12 айда кiрiстiлiк 10,43% болса, сәйкес кезеңде инфляция 12,0% жеттi. Зейнетақы активтерiн қайта бағалау апта сайын және айдың соңғы күнiнде жүргiзiлетiндiктен, салымшылар бұл өзгерiстердi өздерiнiң үзiндi көшiрмелерiнен көре алады.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңiнде талдаған орынды. Қысқа мерзiмдi деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) — айқын нәтиже бермейдi, өйткенi, ол нарықтың үнемi құбылмалығына тәуелдi.

Мысалы, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2021 жылы аударылған таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгенi құрап, бiр жыл iшiнде түскен жарналар сомасынан асып түстi (1,3 трлн теңге). 2021 жылы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша жыл басынан берi кiрiстiлiк инфляция 8,4% болғанда 11,13% жеттi.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2022 жылдың 1 сәуiрiне қарай, инвестициялық табыстылық барлық кезеңдегi инфляция 580,40% болғанда өсу қорытындысымен 698,23% құрады. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесi қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi кезеңде зейнетақы активтерiнiң нақты (яғни, инфляциядан асып түсетiн) кiрiстiлiгi 117,84% көрсеттi.

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi ашық болып табылады: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильдi қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртiбiнде көре алады. Айта кетейiк, зейнетақы активтерiн қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнiнде жүргiзiледi.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланады.

Дата публикации
27 апреля 2022
Дата обновления
27 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы