2022 жылғы 14-22 сәуiр аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы Кәсiподақ орталығының төрағасы Ерiк Нұрақаев Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған делегация құрамында Түркия Республикасына жұмыс сапарымен келдi.
Анкарада қазақстандық делегацияның HAK-IS Кәсiподақтар конфедерациясы Бас кеңесiнiң мүшелерiмен және Түркия Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қамсыздандыру министрi Ведат Билгинмен кездесуi өттi.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркиядағы әлеуметтiк-еңбек қатынастары мәселелерi бойынша пiкiр алмасу болды. Тараптар екi елдегi әлеуметтiк қамсыздандыру жағдайын, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселелерi мен еңбек нарығындағы жағдайды талқылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар федерациясы мен HAK-IS Кәсiподақтар конфедерациясының өкiлдерi екi елдiң кәсiпорындары жұмыскерлерiнiң әл-ауқатын жақсарту және олардың әлеуметтiк-еңбек құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша бiрлескен өзара iс-әрекеттер мәселелерiн талқылады.
HAK-İŞ көптеген жоғары деңгейдегi мемлекеттiк мекемелердiң (Экономикалық және Әлеуметтiк Кеңес (ESK), Үшжақты консультативтiк кеңес (Еңбек және әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгiнде), Кәсiптiк бiлiктiлiк басқармасы (VQA), Әлеуметтiк қамсыздандыру институты (SGK), Түркияның Ұлттық тұтынушылар кеңесi, Еңбек саласындағы азаматтық бастамалар платформасы, Жұмыс орнындағы қауiпсiздiк және денсаулықты қорғау ұлттық кеңесi, İŞKUR Ұлттық жұмыспен қамту саясаты жөнiндегi консультативтiк комитет (Ұлттық жұмыспен қамту агенттiгi), İŞKUR еңбек нарығы туралы ақпарат комитетi, İŞKUR Бас ассамблеясы, Экономика және еңбек министрлiгiнiң Жұмыспен қамтуды ынталандыру комиссиясы, Еңбек ассамблеясы) мүшесi болып табылады.
HAK-IS конфедерациясы 1976 жылы 18 қазанда Анкарада құрылды. Ол 730 516 жуық мүшесi бар Түркиядағы екiншi iрi кәсiподақтар конфедерациясы (қоғамдық қызмет көрсету, металлургия, тамақ өңдеу, туризм, орман шаруашылығы, қаржы, тоқыма және т.б. сияқты 21 салалық кәсiподақ). Мүшелерiнiң 25 пайызға жуығын әйелдер құрайды.
HAK-İŞ (және оның филиалдары) негiзiнен жеке секторда және трансұлттық кәсiпорындарда белсендi жұмыс iстейдi.