Меню

Страницы

Статья

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде әкiмнiң орынбасары, облыстық КТIҚҚ комиссияның төрағасы Ғ.С. Нығыметовтың төрағалығымен кәмелеттiк жасқа толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның отырысы өттi

Отырысқа облыстық комиссия мүшелерi, психикалық денсаулық орталығының, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдiктерi жанындағы кәмелеттiк жасқа толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялардың төрағалары мен мүшелерi қатысты.

Отырыста мына мәселелер қарастырылды: «Кәмелеттiк жасқа толмағандар арасында суицидтiк мiнез-құлықтың алдын алу және профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» (бiлiм басқармасы), «Кәмелеттiк жасқа толмағандар арасында жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу бойынша мемлекеттiк органдар қабылбап жатқан шаралар туралы (өзара iс-қимыл алгоритмi) (бiлiм басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, полиция департаментi), «Жастар ұйымдары мен бiрлестiктерiнiң кәмелеттiк жасқа толмағандармен профилактикалық жұмыстағы қызметi туралы» (iшкi саясат басқармасы).

Отырыс барысында жергiлiктi атқарушы органдардың суицидтiң алдын алу, жыныстық қолсұғылмаушылықтың профилактикасы, осындай жағдайға тап болған кәмелеттiк жасқа толмағандарға психологиялық, медициналық және өзге де көмек көрсету шаралары талқыланды. Бұдан басқа, суицидтiк мiнез-құлық және жыныстық қолсұғылмаушылық мәселелерiнде мүдделi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл алгоритмi қаралды.

Сондай-ақ, кәмелеттiк жасқа толмағандардың жастар ұйымдары мен бiрлестiктер ұйымдастырған түрлi iс-шараларға, акцияларға қатысу мәселесi қаралды.

КТIҚҚ комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша оның төрағасымен бiрқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берiлдi.

Дата публикации
01 апреля 2022
Дата обновления
01 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы