Меню

Страницы

Статья

Саяси жүйенi жетiлдiру жолындағы қадамдар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдаудан түйген ең басты ойым, ол — бар билiктi бiр адамның қолына берiп, бәрiн бiр тұлғаға тiреп қойған бұрынғы жүйеден бас тартуға ұмтылуы деп айтар едiм. Бұл жеке бастың қамы емес, бүкiл елдiң болашағы үшiн жасалған қайырлы қадам деп санаймын.

Президенттiк билiктi күшейту үшiн түрлi институттарға сүйену, соның iшiнде өзi мүшесi болып табылатын парламенттiк пар­тияның төрағасы болу бүгiн­ге дейiн барлық билiктi монопо­лияландыруға алып келдi. Пре­зиденттiң партиясы болған соң барлық билiк ресурстары сол партияның мүддесiне қыз­мет еттi. Саяси бәсекелестiк iс жү­зiнде өте төмен дәрежеде бол­ды. Ал мұндайдың қандай нәти­же берерi алдын ала белгiлi едi. Халықтың сайлауға деген, қоғамдық өмiрдi жақсартуға деген құлшынысы мен белсендiлiгi барынша салқындады. Осы бейжайлықтан арылудың ең басты жолы — Президенттiң партияның төрағасы болудан бас тартуы екенiн Қасым-Жомарт Кемелұлы дөп басып айтты.

Саяси өмiрiмiздi жақсартуға бағытталған екiншi мәселе — мажоритарлық жүйенiң енгi­зiлуi. Бiз әзiрге, саяси партиялар өзара ашық күрес арқылы тек пропорционалдық сайлау жүйесiмен сайланып, билiкке қол жеткiзетiн демократиясы жоғары дамыған Батыс мемлекеттерiндей бола алмаймыз. Оған қол жеткiзу үшiн саяси дамудың бiраз жолдарынан өтуiмiз керек. Сондықтан да Президенттiң Парламент депу­таттарының 30 пайызы бұрынғы мажоритарлық жүйемен сайлануын енгiзу туралы бастамасын өте дұрыс деп санаймын. Халық белсендiлiгi артпаса шағын топтармен мемлекеттiң саяси жүйесiнiң дамуы, ашықтығы мен заң үстемдiгiнiң орнауы мүмкiн емес. Ал бұлар болмаса сыбайлас жемқорлық сияқты iндеттiң арта берерi сөзсiз.

Сонымен қатар Жолдауда Президент Парламенттiң өкiлет­тiгiн арттырып, билiктiң бiраз тармағын берудi ұсынды. Бұл да қайнауы жеткен мәселе. Нақты билiк тек қана Президентке байланған мемлекетте әкiмдер мен министрлер Парламент депу­таттарының сауалдары мен ондағы талаптарды жүре тыңдап, оған шығарып салма жауаптар беруге әбден дағдыланып алды. Егер өкiлдi билiк өз тарапынан бастама көтерiп, Парламент талаптарын орындамайтын жоғары билiк иелерiн тыңдап қана қоймай, ондайларды орындарынан алу, қызметiнен шеттету құқығы болса — мәселе мүл­де басқаша болар едi. Прези­дент өзiнiң Жолдауында осы олқы­лықтың орнын толтырып, Пар­ламентке қосымша өкiлет­тiк беру керектiгiн айтты. Бұл Пар­ламенттiң беделi мен ықпалын iс жүзiнде арттыратын шара болмақ. Мұндайда министрлер мен әкiмдер өкiлдi билiк алдындағы өз жауапкершiлiгiн сезiнiп, есеп­терiне мұқият дайындалатын болады, депутаттардың сауалдарына да бейжай қарамай, орынды ұсыныстардың оң шешiлуiне жанын салар едi. Ал бүгiнге дейiн ол Парламенттен келген сауалды төменге сырғытып, жалтарма жауап бере салуды ғана бiледi.

Президент жергiлiктi өкiлдi орган­дардың да өкiлеттiгiн арт­тыруды көздеген бiрнеше өзге­рiс болатынын айтты. Осы күнге дейiн мәслихаттар әкiмнiң қол­жаулығы болып келгенi белгiлi. Ендi шын мәнiндегi халық өкiлдi­лiгiне айналса құба-құп болар едi.

Жолдаудың өне бойынан мем­лекеттiң жарқын болашағын, iргесi­нiң нығая түсуiн көздеген осын­дай орынды өзгерiстер көрi­н­iп тұр. Ендi тек олардың шашау шықпай орындалуын тiлеймiз.

Ерiк НҰРАҚАЕВ,
Солтүстiк Қазақстан
облыстық Кәсiподақтар
орталығының төрағасы

Дата публикации
05 апреля 2022
Дата обновления
05 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы