2022 жылғы 28 наурызда СҚО әкiмiнiң орынбасары Т. Сұлтанғазиевтiң төрағалығымен Солтүстiк Қазақстан облысында мемлекеттiк еңбек инспекциясы, мемлекеттiк кiрiстер, "әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ СҚО бойынша филиалы өкiлдерiнiң қатысуымен еңбек жанжалдарын мониторингiлеу және шешу жөнiндегi жұмыс тобының отырысы өттi. Жиынға облыс аудандары әкiмдерiнiң орынбасарлары қатысты.
СҚО Кәсiподақ орталығы төрағасының орынбасары М. Б. Қалиев 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап (ұжымдық, еңбек шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу) жалақысы төмен жұмыскерлер санаттарының еңбекақысын арттыру мәселесi бойынша жұмыс тобының мүшелерiн хабардар еттi. Жұмыс берушiлердiң жалақысы көтерiлген кезде қызметкерлер саны мен орындалатын жұмыстар көлемiнiң сақталуын қамтамасыз ету қажет екенiн атап өттi.
СҚО Кәсiподақ орталығы кәсiподақ активiнiң қатысуымен кәсiподақ орталығының Үйлестiру кеңесiнiң кеңейтiлген отырысында жалақыны көтеру мәселелерiн қарады. Салалық кәсiподақтардың, бастауыш кәсiподақ ұйымдарының төрағалары ұйымдардың ұжымдық шарттарына және қызметкерлердiң еңбек шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бөлiгiнде еңбек заңнамасын сақтау бойынша қосымша iс-шаралар өткiзудi көздедi.
Отырыс қорытындысы бойынша, Мемлекеттiк еңбек инспекциясына тиiстi тапсырмалар берiлдi, СҚО кәсiподақ орталығымен бiрлесiп облыс кәсiпорындарында жұмыскерлердiң жалақысын арттыру бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жалғастыру.