2022 жылғы 1-15 наурыз аралығында СҚО әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзiлiмiне енгiзу үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерiнен өтiнiмдердi қабылдауды жүзеге асырды. Арнайы комиссияның қарауына 3 өтiнiм түстi:
Ағымдағы жылғы 18 наурызда Әлеуметтiк кәсiпкерлiк жөнiндегi арнайы комиссияның отырысы өттi. Қаралған өтiнiштердiң қорытындысы бойынша комиссия мүшелерi оң шешiм қабылдады.
Мақұлданған өтiнiштер бойынша арнайы комиссияның ұсынымдары тiзiлiмге одан әрi енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiне жiберiлетiн болады.