Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-ақпанның нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 60 072,4 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 3,1%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (71,1%) 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 42 726,6 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 8,3%-ға жоғары.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда тамақ өнімдерінің өндірісі 27 911,5 млн. теңгені құрады, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 38,7%-ға, нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің өндірісі 3,3%-ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 17,1%-ын алатын машина жасау саласында 7 309,5 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпан көлемінен 32,6%-ға жоғары.
Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 1 00,1 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 107,2%, өзге де метал емес минералды өнімдер 1 059,2 млн. теңгеге шығарылды немесе бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңге 1,9 есе.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласындағы көлемі 13 197,8 млн. теңгені құрады.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда сумен жабдықтау саласының көлемі 2 868,9 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпанға 102,6%.
ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде облыстың Индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 2022 жылға шамамен 285 жұмыс орнын құра отырып, 9,4 млрд.теңге сомасына 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2022 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 25,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 110,1%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 17,9 мың тоннаны немесе 2021 жылғы қаңтар-ақпанға 102,1% құрады.
|
Сүт |
44,0 |
мың тонна |
(103,6%); |
|
Жұмыртқа |
101,4 |
млн. дана |
(2,7 есе артық). |
2022 ж. 01.03. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
|
ІҚМ |
458,5 |
мың бас |
(100,6%); |
|
с.і. сиыр |
221,9 |
мың бас |
(103,4%); |
|
қой мен ешкі |
438,7 |
мың бас |
(103,5%); |
|
жылқы |
141,7 |
мың бас |
(107,4%); |
|
шошқа |
215,3 |
мың бас |
(112,1%); |
|
құс |
3979,7 |
мың бас |
(121,4%). |
Кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 наурыз облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30 268 бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2022 жылғы қаңтарда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 32,5 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңге 2,4%, соның ішінде тауарларды экспорттау – 28,6 млн. АҚШ доллары (11,9% ұлғайту), импорт – 4,0 млн. АҚШ доллары (3,7 қысқару). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 24,6 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 30,1%), Қытай (24,9%), Өзбекстан (19,8%), Польша (10,0%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» — барлық экспорт көлемінің 99,5%-ы немесе 28,4 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 14,2%), Германия (6,5%), Украина (16,6%), АҚШ (8,1%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 55,0%-ы немесе 2,2 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (12,0%-ы немесе 0,5 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (11,0%-ы немесе 0,4 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (15,3%-ы немесе 0,6 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 38,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 1,6 есе ұлғайту артық, соның ішінде импорт – 32,2 млн. АҚШ доллары (1,7 есе ұлғайту), экспорт – 6,7 млн. АҚШ доллары (8,4 % ұлғайту).
Негізгі капиталға инвестициялар. 2022 жылғы қаңтар-ақпанда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 25 254,0 млн. теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 102,0% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 51,3%), бюджеттік қаражат (13,7%), банк кредиттері (7,7%) және басқа қарыздық қаражат (27,3%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (28,0%), көлік және қоймалау (27,5%), өнеркәсіп (24,9%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (14,1%).
Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтар-ақпанда облыс аумағында жалпы ауданы 13 595 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңге 146,3% құрайды.
Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2022 жылы мыналарға бөлінді:
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3 200,7 млн. теңге. Игеру 323,3 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл-Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 12,8 млн. теңге.
Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) жергілікті бюджеттен – 108,3 млн. теңге бөлінген.
2022 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.
Әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы қантар-ақпанда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 3919 адамды құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 27%-ға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,3 пайызды құрады, бұл 2021 жылы қантар-ақпандағы деңгейден 0,5%-ға төмен.
2022 жылғы 1 наурызға 948 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 2859 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 942 адам жіберілді.
2022 жылғы 1 наурызға 5521 азаматқа 91,9 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 6 млрд. 442,1 млн. теңгені құрады, 2021 жылғы 1 наурыз жоспарындағы 461,3 млн. теңгеден 461,3 млн. теңге немесе 100% игерілді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 37,1 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:
Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу — 2,7 млн. теңге;
Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн. теңге;
Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 3,2 млн. теңге;
Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн. теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 1,2 млн. теңге;
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 2,2 млн. теңге. 2022 жылдың 1 наурызына жоспар - 0,6 млн. теңгені құрады, қаражат толық игерілді.
Қызылжар ауданының Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн. теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Привольное ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктін салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,6 млн. теңге;
«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу — 13,1 млн. тенге;
«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу – 1,5 млн. теңге;
Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін субвенциялар есебінен:
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 1,0 млн. теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 2,4 млн. теңге.
Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 15 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп — бала бақша» кешені, 389 шағын-орталық ( 4 жекекменшік) жұмыс атқарады.
2021-2022 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 472 бірлікті құрайды.
«Білім» саласына 2022 жылға 120 471,1 млн. теңге қарастырылды.
2022ж.01.03 жоспардағы 17 225,0 млн. теңгеден игерілу 17 095,2 млн. теңгені немесе 99,2% құрады.
Барлығы 2022 жылға білім беру объектілерін дамытуға 5 419,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 3 479,2 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 0,4 млн. теңгеден 0,4 млн. теңге немесе 100% игерілді.
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2020 жыл |
2021 жыл |
Қаңтар-ақпан |
2022 ж. 2021 ж. % |
|
|
2021 жыл |
2022 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
104 |
105,5 |
17,5 |
17,9 |
102,1 |
|
Сүт |
мың тонна |
597,8 |
635,2 |
42,5 |
44 |
103,6 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
558,4 |
552,9 |
37,2 |
101,4 |
2,7 есе артық |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі
