Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ жұмыс берушiлер үшiн жаңа опцияны енгiздi

Зейнетақы қызметтерiн ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ «Заңды тұлғаның кабинетi» деген жаңа жобаны iске қосты, бұл жоба жұмыс берушiге қызметкерлердiң зейнетақы аударымдарын оңай әрi жеңiл аударуға мүмкiндiк бередi.

Бұл сервис салық агенттерi болып табылатын жұмыс берушiлерге арналған, олардың мiндеттерiне қызметкерлердiң зейнетақы жарналарын аудару кiредi және сервис мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жiберуге мүмкiндiк бередi.

Аталған сервистiң аясында редакциялау (қызметкерлердi алып тастау және қосу) мүмкiндiгiмен бiрге қорға төлемдерi жiберiлуi тиiс қызметкерлердiң тiзiмiн көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректердi көруге мүмкiндiк бередi.

Заңды тұлғаның кабинетiне кiру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бiрiншi басшысына немесе заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берiлген тұлғаға берiлген.

БЖЗҚ мамандары 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Заңды тұлғаның кабинетi. Бизнес иелерi үшiн БЖЗҚ онлайн-сервисi» тақырыбында өтетiн Ашық есiк күнiнде жаңа сервистiң қалай жұмыс iстейтiнi жөнiнде айтып беретiн болады.

Кездесуге Қор салымшыларының барлық санаттары, ең алдымен ұйымдар мен кәсiпорындардың басшылары, жеке кәсiпкерлер, шағын және орта бизнестiң қатысушылары шақырылады.

Iс-шараны өткiзу барысында enpf.kz сайтында заңды тұлғалардың кабинетiнде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерiн пайдалану алгоритмi көрсетiлетiн болады. Қордың жауапты қызметкерлерi тұрақты жарналар арқылы зейнетақы капиталын қалыптастыру қажеттiлiгi туралы және бұл үдерiстегi қызметкердiң, сол секiлдi жұмыс берушiнiң рөлi туралы айтып бередi, сондай-ақ салымшыларды қызықтыратын басқа да мәселелер бойынша жеке кеңес бередi.

Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет:

  • мобильдi құрылғы арқылы Webex Meet қосымшасын орнату қажет;
  •  дербес компьютер арқылы htpps://enpf.webex.com сайтқа өтiңiз.

Содан кейiн әр сессия үшiн event-кеңестiң нөмiрi мен паролiн жеке енгiзу:

Cессия сағат 10:00-де 18 наурызда өткiзiледi:

Event-кеңес нөмiрi: 2513 451 0280

Оқиға паролi: SKOF

Дата публикации
10 марта 2022
Дата обновления
10 марта 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы