Меню

Страницы

Статья

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi жұмыс iстегеннен берi зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы 130,46% құрады

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңге болды. Бұл қаражат зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгiлi.

Қаржы нарықтарындағы, оның iшiнде Қазақстандағы және шетелдегi қаңтар айындағы саяси жағдайға байланысты тұрақсыздыққа қарамастан, 2022 жылдың бiрiншi айындағы таза инвестициялық табыс оң сипат алып, 10,6 млрд теңгеге жеттi.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңiнде талдау орынды. Қысқа мерзiмдi деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) — айқын нәтиже көрсетпейдi, өйткенi, ол нарықтың үнемi құбылмалығына тәуелдi.

Мысалы, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлiнген 2021 жыл барысындағы таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгенi құрады, бұл бiр жыл iшiнде түскен жарналар мөлшерiнен асып түстi (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк ҚР Ұлттық Банкiнiң басқаруымен былтыр жыл басынан берi 11,13% көрсетсе (бұл мерзiмдi банк депозиттерi бойынша табыстылықтан жоғары), инфляция 8,4% болды.

Жалпы алғанда, барлық зейнетақы активтерi БЖЗҚ-ға бiрiктiрiлген сәттен бастап (2014 жыл) Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 2022 жылдың 1 ақпанында 6,05 трлн теңгеге жеттi, бұл қазақстандықтардың барлық зейнетақы жинақтарының 36,7%. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi құрылған күннен бастап (1998 жыл) инвестициялық табыстылық 2022 жылғы 1 ақпанда өсу қорытындысымен 681,75% құраса, барлық кезеңдегi инфляция 551,29%. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесi қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 ақпанына дейiнгi кезеңде зейнетақы активтерiнiң нақты кiрiстiлiгi 130,46% жеттi.

Естерiңiзге сала кетейiк, зейнетақы активтерiн басқарушылар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және инвестициялық портфельдi басқарушылар (ИПБ)) инвестициялық табыс алу мақсатында зейнетақы активтерiн Қазақстанда және шетелде экономиканың түрлi секторларындағы әр түрлi қаржы құралдарына, әр түрлi валюталарға орналастырады. Мұндай әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етедi. Инвестициялық кiрiс бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы түрiндегi кiрiстерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түрiндегi кiрiстерден, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кiрiстерден және т.б. құралады.

Нарықтық және валюталық қайта бағалаудан түскен кiрiс жеке алынған кезеңде оң да, терiс те болуы мүмкiн. Сондықтан инвестициялық қызметтiң нәтижесiнде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшерi әр түрлi болуы ықтимал.

Жалпы, ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес, мемлекет зейнетақы төлемдерiне құқық алған кездегi инфляцияны ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк бередi. Әлемде баламасы жоқ бұл норма салымшылардың жинақтарын инфляциядан сақтауға ықпал етедi. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепiлдiгi басқарушы компанияның зейнетақы активтерi кiрiстiлiгiнiң ең төменгi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi кепiлдiгiмен алмастырылады.

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi ашық болып табылады: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильдi қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртiбiнде көре алады. Айта кетейiк, зейнетақы активтерiн қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнiнде жүргiзiледi.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланады.

Дата публикации
09 марта 2022
Дата обновления
09 марта 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы