Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарлама

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Солтүстiк Қазақстан облысының Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы алаңында СҚО әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтiк кәсiпкерлiк және әлеуметтiк кәсiпкерлердi мемлекеттiк қолдау туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өттi.

Iс-шараның модераторы — «Нұр Отан» партиясының СҚОФ төрағасы, Әлеуметтiк кәсiпкерлiк жөнiндегi арнайы комиссия төрағасының орынбасары Б. Данияров болды.

Дөңгелек үстел жұмысына үкiметтiк емес ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, әлеуеттi әлеуметтiк кәсiпкерлердiң, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың өкiлдерi қатысты.

Басқарма басшысының орынбасары Н. Садықов әлеуметтiк кәсiпкерлiк және әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары туралы, Мемлекеттiк кiрiстер департаментi түсiндiру жұмысы басқармасының бас маманы Ж. Қабдушев әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң салық заңнамасы бөлiгiндегi артықшылықтарын түсiндiрдi.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақ соқырлар қоғамы» СҚОФ өкiлдерi А. Тәшенов, «Қазақ саңыраулар қоғамы» СҚОФ Ғ. Жәкенова, «Бiр бiртұтас» ҚБ В. Эрман өз сөздерiнде әлеуметтiк кәсiпкерлiктi дамытуда қоғам тарапынан үлкен сұранысқа ие екендiгiн атап өттi.

Облыстық кәсiподақ өкiлдерi халықты жұмыспен қамтуды арттырудың және ерекше қажеттiлiктерi бар адамдар мен балаларға арналған тауарлар өндiрiсiнiң пәрмендi тетiгi ретiнде әлеуметтiк кәсiпкерлiктi iлгерiлетуге қолдау мен қызығушылық бiлдiрдi.

Дөңгелек үстел соңында «Нұр Отан» партиясының мүшесi Б. Данияров барлық мүдделi тараптардың бiрлескен өзара iс-қимылы жағдайында жаңа бағыт халықтың қалың жiктерiнiң, оның iшiнде оның әлеуметтiк осал бөлiгiнiң игiлiгi үшiн әлеуметтiк бизнестi iлгерiлетуде белгiлi бiр табыстарға қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiнiн атап өттi.

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
02 марта 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы