Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 27 311,7 млн.теңге сомасына өнім шығарды, бұл 2021 жылғы қаңтар деңгейінен
2,9%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (67,4%) 2022 жылғы қаңтарда 18 413,9 млн.теңгеге немесе 2021 жылғы қаңтар деңгейінен 8%-ға жоғары өнім өндірілді.

Өнеркәсіп

2022 жылғы қаңтарда тамақ өнімдерінің өндірісі 12 451,9 млн. теңгені құрады, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 20,9%-ға, етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі 0,3%-ға, нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің өндірісі 8,3%-ға ұлғайды.

Өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 16,6%-ын алатын машина жасау саласында 3 064,7 млн.теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнім өндірілді және қызметтер көрсетілді, бұл 2021 жылғы қаңтар көлемінен 41,7%-ға жоғары.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде 343,0 млн. теңгеге өнім өндірілді, өзге де металл емес минералдық өнімдер 320,2 млн. теңгеге шығарылды.

Салада электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау 2022 жылғы қаңтарда көлемі 6 905,5 млн.теңгені құрады.

Сумен жабдықтау саласында 2022 жылғы қаңтар көлемі 1 405,4 млн.теңгені немесе 2021 жылғы қаңтарға 102,3% құрады.

ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде облыстың индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 2022 жылға 285 жұмыс орнын құра отырып, 9,4 млрд.теңге сомасына 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. 2022 жылғы қаңтар айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 13,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар деңгейіне 110,4%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 11,3 мың тоннаны немесе 2021 жылғы қаңтарда 101,7% құрады.

Сүт

20,7

мың тонна

(105,4%);

Жұмыртқа

55,0

млн. дана

(3 есе артық).

2022 ж. 01.02. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ

411,3

мың бас

(103,0%);

с.і. сиыр

209,8

мың бас

(103,8%);

қой мен ешкі

439,4

мың бас

(103,4%);

жылқы

142,7

мың бас

(107,5%);

шошқа

211,0

мың бас

(110,2%);

құс

4035,0

мың бас

(129,2%).

Кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 ақпан облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30 684 бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 371,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылғы сәйкес кезеңге 113,7%, соның ішінде тауарларды экспорттау – 245,6 млн. АҚШ доллары (1,2 есе ұлғайту), импорт – 125,4 млн. АҚШ доллары (2,5%-ға қысқару). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 120,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 24,8%), Қытай (16,7%), Өзбекстан (24,7%), Польша (8,5%), Бельгия (3,9%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» — барлық экспорт көлемінің 94,8%-ы немесе 232,9 млн. АҚШ доллары.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 15,6%), Германия (38,5%), Украина (5,9%), Түркия (5,1%), АҚШ (4,9%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 69,4%-ы немесе 87,0 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (13,4%-ы немесе 16,8 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (10,4%-ы немесе 13,0 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (2,2%-ы немесе 2,7 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 518,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңнен 14,5%-ға артық, соның ішінде импорт – 443,2 млн. АҚШ доллары (9,5%-ға артық), экспорт – 74,9 млн. АҚШ доллары (1,6 есе ұлғайту).

Негізгі капиталға инвестициялар. 2022 жылғы қаңтарда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 12 668,8 млн. теңгені құрады немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 1,6 есеге артық.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 59,9%), бюджеттік қаражат (2,4%), банк кредиттері (1,5%), басқа қарыздық қаражат (36,2%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып өнеркәсіп (36,9%), көлік және қоймалау (30,6%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (26,0%) табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтарда облыс аумағында жалпы ауданы 2 541 ш.м тұрғын үй енгізілді, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңге 122,2% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2022 жылы мыналарға бөлінді:

  • сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 8 374,9 млн.теңге (РБ – 7 919,8 млн.теңге, МБ – 455,1 млн.теңге).

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3 200,7 млн. теңге.

«Ауыл — Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 12,8 млн.теңге.

Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) 108,3 млн. теңге бөлінген.

2022 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы қантарда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 3590 адамды құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 32,1%-ға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,2 пайызды құрады, бұл 2021 жылы қантардағы деңгейден 0,5%-ға төмен.

2022 жылғы 1 ақпанға 436 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 1581 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 704 адам жіберілді.

2022 жылғы 1 ақпанға 5182 азаматқа 56,7 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 4 млрд. 662 млн. теңгені құрады, 2022 жылғы 1 ақпан жоспарындағы 21,9 млн.теңгеден 21,6 млн. теңге немесе 98,3 % игерілді, оның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 144,5 млн. теңге (ЖБ – 14,5 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 130 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар көзделмеген;
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 1 млрд. 490,8 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 490,8 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар көзделмеген;
  • 2022 жылға денсаулық сақтау объектілерін дамытуға барлығы 18,1 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:

Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу — 2,8 млн.теңге;

Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн.теңге;

Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 3,2 млн.теңге;

Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн.теңге;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 0,2 млн.теңге;

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 2,2 млн.теңге;

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 1,0 млн.теңге;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 15 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 389 шағын-орталық ( 4 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2021-2022 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 472 бірлікті құрайды.

«Білім беру» саласына 2022 жылға 117 865,9 млн. теңге қарастырылды.

2022ж.01.02 жоспардағы 7 436,2 млн.теңгеден игерілу 7 371,0 млн.теңгені немесе 99,1% құрады.

Барлығы 2022 жылға білім беру объектілерін дамытуға  3 067,1 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:

  • Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасының құрылысы – 1000 млн. теңге.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

  • Тайынша қаласында Қазақстан Конституциясы көшесі, 201 бойынша 600 орындық мектеп салу — 1264,4 млн. теңге.
  • Пушкин көшесі, 85 Б мекенжайында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Kozybaev University Teaching and research center" оқу-зертханалық корпусын салу (сыртқы инженерлік желілер) — 54,6 млн.теңге.
  • Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасының құрылысы. Түзету — 422,5 млн. теңге.
  • Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желілер) "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу — 8,2 млн.теңге.
  • Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желілер) Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу — 1,2 млн.теңге.

Білім беруге республикалық бюджеттен берілетін субвенциялар есебінен:

  • Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 бойынша 120 орындық мектеп салу – 316,1 млн.теңге.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 3272,7 млн. теңге бөлінді.

Қосымша

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2020 жыл

2021 жыл

Қаңтар

2022 ж. 2021 ж. %

2021 жыл

2022 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

104,0

105,5

11,0

11,3

101,7

Сүт

мың тонна

597,8

635,2

19,5

20,7

105,4

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

558,4

552,9

18,4

55,0

3 есе артық

Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Дата публикации
24 февраля 2022
Дата обновления
24 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы