Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің жай-күйі туралы түсіндірме жазба

Өртке қарсы сумен жабдықтауды ұйымдастыру өнеркәсіптік кәсіпорыннан тұрғын үйге дейін кез-келген қорғаныс объектісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Өңірде өрт сөндіру қажеттіліктері үшін сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың 4402 өрт сөндіру гидранты (бұдан әрі  — ӨСГ) (оның ішінде Петропавл қаласы бойынша 746 және облыс аудандарында 3656) және 310 өрт сөндіру су айдыны (бұдан әрі — ӨССА) қарастырылған, оның ішінде:

облыс орталығы бойынша — 487 ӨГ;

қалалар бойынша — 611 ӨГ;

елді мекендер бойынша — 2908 ӨГ;

шаруашылық объектілерінде — 396 ӨГ.

Өткен жылмен салыстырғанда өрт сөндіру гидранттары санының артуы жаңадан орнатылған 535 бірлікті қабылдаумен байланысты (облыс орталығы – 26 бірлік, Аққайың ауданы – 82 бірлік, М.Жұмабаев ауданы – 76 бірлік, Қызылжар ауданы – 134 бірлік және Тайынша ауданы – 217 бірлік).

Бүгінгі күні 803 (немесе 19%) өрт сөндіру гидранты, 34 (немесе 11%) өрт сөндіру су айдыны жарамсыз күйде тұр.

Осы жылы ақаулы гидранттар саны Тайынша қаласы бойынша «Тайынша Коммун Сервис» ЖШС сенімгерлік басқаруына 215 ақаулы ӨСГ қабылдау салдарынан өсті.

Облыс аудандарында «Өңірлерді дамыту 2020» (бұрын Ақ бұлақ бағдарламасы), «Нұрлы жер», «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша облыстың келесі аудандарда өрт сөндіру гидранттарын орнату арқылы су құбырын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде:

Аққайың ауданында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін реконструкциялау жөніндегі жұмыстар аяқталуда, сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау жобасында Тоқшын а. — 109 дана гидрант орнату көзделген, сондай-ақ Кенжиғалы ауылында 2 дана сумен жабдықтау жүйесін жөндеу көзделген.

М.Жұмабаев ауданында «Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Советское ауылында 80 ӨСГ; Полтавка ауылында «Байсал – А» ЖШС күшімен 43 ӨСГ орнатылды.

Қызылжар ауданы Березовка ауылында (19 ӨСГ орнатылған) тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ауыз су» бағдарламасы бойынша Бескөл ауылында 85 ӨСГ қондырғысын орнатумен, тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Қызылжар ауданының Соколовка ауылында 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде «Соколовка топтық су құбырын реконструкциялау 2 кезек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Вознесенка ауылында – 10 дана, Дубровное ауылында – 20 дана, Гончаровка ауылында – 5 дана өрт гидранты орнатылды. Тапсырыс беруші: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті, қосалқы мердігер: «Компания Петро-Клининг» ЖШС. Жоғарыда көрсетілген бағдарламаға сәйкес 2023 жылға дейін Қызылжар ауданының елді мекендерінде сумен жабдықтаудың таратушы желілерін салу көзделген;

Сондай-ақ, «Петерфельд Агро» ЖШС АШТӨ күшімен Петерфельд а. жақын табиғи су айдынына қатты жабын (пирс) құрылысы бойынша жұмыс жүргізілді, ал жергілікті атқарушы органдардың күшімен Виноградовка а. маңындағы су айдынына кіреберіс жабдықталған. Аталған ауылдарда бұрын өрт сөндіру машиналарына су құю проблемасы болғанын атап өткен жөн.

Мамлют ауданында Белов ауылдық округінің Белое ауылы аумағында 2021 жылдың мамыр айында 650 млн. теңге сомасына 47 өрт сөндіру гидрантын орнатуды жоспарлаумен ұзақтығы 14.3 км су құбырын тарту жөніндегі жұмыстар басталды, мердігер «Байсын-А» ЖШС. Жұмыстарды 2022 жылдың тамызына қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда 2020 жылы 32 гидрант (Райсовка ауылы) «Раисовка» ЖШС балансына берілді. Бүгінгі күні 32 өрт гидранты ЖК «Андреев В.Н.» балансына берілді, олар осы өрт гидранттарына қызмет көрсетеді және жөндеу жүргізеді. Сондай-ақ, балашағы бар ауылдарды дамыту шеңберінде аудан аумағында 2021 жылы «Тоқсан би а. сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын» аяқтау жоспарлануда, онда 20 ӨСГ орнату көзделген.

Шал ақын ауданы Городецкое ауылы аумағында елді мекен ішінде су құбыры желісін орнату, Есіл өндірістік учаскесінің «Есіл су» филиалы «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК су қосу жұмыстары жүргізілуде.

«Қызылжар су» ЖШС күшімен саны 346 бірлік немесе олардың 85% (барлығы – 407 ӨСГ) тақтайшалар түріндегі көрсеткіштер орнатылды, сондай-ақ 1 млн. 641 мың теңге сомасына ақаулы 56 гидрантты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы облыс бойынша 150 өрт сөндіру гидранты жөнделді, оның ішінде:

облыс орталығы бойынша — 56 ӨСГ;

қалалар бойынша — 75 ӨСГ;

елді мекендер бойынша — 19 ӨСГ;

шаруашылық объектілерінде — 0 ӨСГ

Сондай-ақ, облыс орталығында 1 — МӨСБ (Ойқалада Бейбарыс ЖҚС жанында), 4 — ӨСБ (Пестрое көлі ауданында), 5 — ӨСБ (TRASSA.KZ ЖҚС жанында) шығу ауданында табиғи су көздерінен су алу үшін пирстер орнату жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Осы кезеңде Ойқала ауданында, Бейбарыс ЖҚС жанында алаң дайындалды және ақ балшық төселді.

Бүгінгі күні облыс орталығы бойынша көп қабатты ғимараттарға жақын орналасқан 22 арттыру-сорғы станцияда дренаж құрылғылары орнатылған, оның ішінде 15 ӨССС «Қызылжар су» ЖШС, 7 ӨССС «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС.

Дата публикации
17 февраля 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы