Меню

Страницы

Статья

Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпарат

Тұрақтандыру қоры

2023 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша тұрақтандыру қорында өнімнің жеткілікті көлемі бар.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу үшін 2022 жылы тұрақтандыру қорын қаржыландыру 3,6 есеге ұлғайтылды, оның ішінде «айналым схемасы» 2,8 млрд.теңгеге дейін жеткізілді.

Осыған байланысты өнімді сатып алу көлемі 12 мыңнан 15 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

«Солтүстік» ӘКК» АҚ шикізатты сатып алу және өнімді бөлшек сауда желісінде төмендетілген бағамен одан әрі өткізу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жергілікті өндірушілерге қарыз береді.

Сүт және ет өнімдері бойынша жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден олардың арасында қол қойылған меморандумдар мен ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде бөлшек сауда желісіне тікелей жеткізу тетігі белсенді қолданылады.

Тұрақтандыру қорынан қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, қант, тұз, құс еті, көкөністердің тауарлық интервенциясы жүргізіледі.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауының 15-і өндіріледі.

Жергілікті әлеуметтік маңызы бар тауар өндірушілер өнімдерді делдалдарсыз тікелей сауда желілеріне жеткізеді.

Қабылданған шаралар бағаны орташа республикалық деңгейден төмен ұстауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
17 октября 2022
Дата обновления
25 мая 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы