Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.ТОҚАЕВҚА ҮНДЕУ

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

 

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде елде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіреді және тұрақтылық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы, іс-әрекеттердің заң аясында жүзеге асырылуы мен бейбітшілік пен келісімнің сақталуын қолдайды.

Соңғы оқиғалардың негізгі себептері қатарында жалпы халық табысының төмендігі, азаматтардың еңбек ету құқығы толыққанды қамтамасыз етілмеуі және әлеуметтік диалогтың тиісті дәрежесінде болмауы деп есептейміз.

Осыған байланысты Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру үшін келесі жүйелі шаралар қабылдау керек:

— еңбекақы төлеу жүйесін, еңбек және кәсіподақ заңдылықтарын жетілдіру арқылы еңбек етудің лайықты шарттарын, жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарды ашуды қамтамасыз ету, еңбек заңдылықтарын сақтауда мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту;

— Халықаралық еңбек ұйымының №131 “Ең төменгі еңбекақыны белгілеу туралы” және №102 “Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы” конвенцияларын шұғыл ратификациялау;

 — әлеуметтік әріптестік жүйесін реформалау және «Әлеуметтік әріптестік туралы» жаңа Заң қабылдау арқылы Үкімет, жұмыскерлер бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы шынайы әлеуметтік диалогты қамтамасыз ету;

— азаматтық қоғамның институттарының рөлін күшейту.

    Біз бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігері ғана Қазақстанда әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын алға бастыру және еңбек адамына лайықты жағдай жасауды қамтамасыз етудің негізі бола алатынына сенімдіміз.

Қазақстан Республикасы

 

Кәсіподақтар федерациясының

Атқару комитеті,

2022 жыл, 07 қаңтар

Дата публикации
10 января 2022
Дата обновления
10 января 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы