Өнеркәсіп. 2021 жылғы қаңтар-қараша нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 318 314,6 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 5,3%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (75,3%), 2021 жылғы қаңтар-қараша 239 635,7 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2020 жылғы қаңтар-қараша деңгейінен 5,2%-ға жоғары.

2021 жылғы қаңтар-қарашада тамақ өнімдерінің өндірісі 142 141,7 млн. теңгені құрады, заттай түрдегі сүт өнімдерінің өндірісі 2,3%-ға, ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру 4,5%-ға, жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу 30,8%-ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 26,0%-ын алатын машина жасау саласында 62 850,6 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылғы қаңтар- қараша көлемдерінен 30,5%-ға жоғары.
Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 7 411,1 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 6 928,0 млн. теңгеге шығарылды.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында 2021 жылғы қаңтар- қараша көлем 56 603,4 млн. теңгені құрады.
2021 жылғы қаңтар-қараша сумен жабдықтау саласының көлемі 13 834,9 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қараша 123,2%.
ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде облыстың индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 2021 жылға 715 жұмыс орнын құра отырып, 17,5 млрд.теңге сомасына 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-қараша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 875 384,1 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2020 жылғы қаңтар-қарашаға деңгейіне 87,4%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 93,7 мың тоннаны немесе 2020 жылғы қаңтар-қарашада 101,9% құрады.
Сүт – 602,4 мың тонна (106,3%),
Жұмыртқа – 498,2 млн. дана (92,0%).
2021 ж. 01.12. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
ІҚМ – 390,2 мың бас (104,7%);
с.і. сиыр – 214,7 мың бас (105,0%);
қой мен ешкі – 432,0 мың бас (103,6%);
жылқы – 133,9 мың бас (104,0%);
шошқа – 249,6 мың бас (108,3%);
құс – 4702,0 мың бас (135,0%).
Кәсіпкерлік. 2021 жылғы 1 желтоқсан облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30 207 бірлікті құрады немесе 2020 жылғы сәйкес дата деңгейіне 101,3%.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2021 жылғы қаңтар-қазан облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 298,9 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылғы сәйкес кезеңге 18,1%-ға өсті, соның ішінде тауарларды экспорттау – 190,7 млн. АҚШ доллары (1,3 есеге ұлғаю), импорт – 108,2 млн. АҚШ доллары (2,1%-ға ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 82,4 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 24,1%), Қытай (19,3%), Өзбекстан (22,3%), Польша (7,3%), Бельгия (5,0%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» — барлық экспорт көлемінің 93,6%-ы немесе 178,5 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 15,0%), Германия (39,8%), Украина (5,7%), Түркия (5,5%), АҚШ (5,4%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 69,5%-ы немесе 75,2 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (14,3%-ы немесе 15,5 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (10,1%-ы немесе 11,0 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (1,8%-ы немесе 2,0 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2021 жылғы қаңтар-қазан Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемі 430,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңнен 16,8%-ға артық, соның ішінде импорт – 367,8 млн. АҚШ доллары (10,5%-ға артық), экспорт – 62,6 млн. АҚШ доллары (1,8 есе ұлғайту).
Негізгі капиталға инвестициялар. 2021 жылғы қаңтар-қарашада қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 271 019,1 млн. теңгені немесе 2020 жылғы ұқсас кезеңге 112,3% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 54,5%), бюджеттік қаражат (15,0%), банк кредиттері (2,4%), басқа қарыздық қаражат (28,1%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (53,0%), көлік және қоймалау (16,1%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,7%), өнеркәсіп (9,2%) табылады.
Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-қарашада облыс аумағында жалпы ауданы 176 010 ш.м тұрғын үй енгізілді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңге 102,1% құрайды.
Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2021 жылы мыналарға бөлінді:
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 3 149,1 млн. теңге. Игеру 2 788,0 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл — Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 734,8 млн. теңге. Игеру 480,7 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 65,7%).
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында сумен жабдықтау нысандарының құрылысына – 1 384,9 млн. теңге. Игеру 1 173,3 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 91,5%).
Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) жергілікті бюджеттен – 480,2 млн. теңге бөлінген. Игеру 437,3 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 96,1%).
2021 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.
Әлеуметтік қорғау. 2021 жылғы қантар-қарашада өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4290 адамды құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,7%-ға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,4 пайызды құрады, бұл 2020 жылы қантар-қарашадағы деңгейден 0,5%-ға төмен.
2021 жылғы 1 желтоқсанға 11933 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 27478 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 3942 адам жіберілді.
2021 жылғы 1 желтоқсанға 10067 азаматқа 589,4 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 314,9 млн. теңгені құрады, 2021 жылғы 1 желтоқсан жоспарындағы 8 млрд. 122,7 млн. теңгеден 8 млрд. 091,2 млн. теңге немесе 99,6 % игерілді, оның ішінде:
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2021 жылы облыстық бюджетте барлығы 2 157,5 млн. тенге қарастырылған. Соның ішінде Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында жылдық жоспар облигациялық қарыз есебінен 1 765,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 71,8 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салуға 320,5 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспары – 200 млн. теңгеден игерілу 198,4 млн. теңгені құрады. Орындалған жұмыстар актісі болмағандықтан 1,6 млн. теңге игерілмеді.
Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 15 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп — бала бақша» кешені, 389 шағын-орталық (4 жекекменшік) жұмыс атқарады.
2021-2022 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 472 бірлікті құрайды.
"Білім" саласына 2021 жылы 104 798,3 млн. теңге қарастырылды. 2021 ж. 01.12 жоспардағы 94 217,4 млн. теңгеден игерілу 92 705,2 млн. теңгені немесе 98,4% құрады.
Барлығы 2021 жылға білім беру объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 5128,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:
ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 7 745,7 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 7 607,3 млн. теңгеден игерілу 6 732,2 млн. теңгені немесе 88,5% құрады.
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2019 жыл |
Қаңтар- желтоқсан 2020 жыл |
Қаңтар- қараша |
2021 ж. 2020 ж. % |
|
|
2020 жыл |
2021 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
97,2 |
104,0 |
92 |
93,7 |
101,9 |
|
Сүт |
мың тонна |
567,7 |
597,8 |
566,8 |
602,4 |
106,3 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
802,9 |
558,4 |
541,7 |
498,2 |
92 |
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2021 жылғы қаңтар-қараша айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2021 жылғы қаңтар-қараша бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi
