1. Қордың жақын жердегi бөлiмшелерiнiң мекенжайларын қалай бiлуге болады?
Жақын арадағы «БЖЗҚ» АҚ бөлiмшелерiнiң мекенжайлары туралы ақпаратты Қордың ресми сайтынан, сондай-ақ, кез келген смартфонға немесе планшетке жүктеп, ENPF ұялы қосымшасы арқылы бiлуге болады. Сiз, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмiрi бойынша What’s Aрр қызметiн пайдалана аласыз және Қор маманынан бөлiмшелердiң мекенжайын ғана емес, өзiңiздi қызықтыратын барлық ақпаратты ала аласыз. Ең дәстүрлi тәсiл — 1418 бiрыңғай нөмiрi бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу, онда Қор операторлары Сiзге «БЖЗҚ» АҚ-ның жақын жердегi бөлiмшесiн қалай табуға болатынын айтып бередi.
2. БЖЗҚ-ның мобильдi қосымшасын қалай жүктеп, тiркелуге болады?
ENPF мобильдi қосымшасын Android және IOS базасындағы кез келген смартфонға немесе планшетке тегiн жүктеп алуға болады.
Қосымшаның Жеке кабинетiнде авторлану үшiн электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе логин (ЖСН) мен пароль пайдаланылады. Бiрақ логин мен парольдi, егер өз жинақтарыңыз туралы деректердi «интернет-хабарландыру» тәсiлi арқылы алуды алдын ала таңдап алған болсаңыз ғана пайдалануға болады. Бұл таңдауды да осы жерде, мобильдi қосымшада немесе enpf.kz сайтында ЭЦҚ көмегiмен жасауға болады. Егер ЭЦҚ болмаса, онда бiр рет Қор офистерiнiң бiрiне немесе тұратын жерiңiзде ол болмаған жағдайда «Қазпошта» АҚ-ның 300 бөлiмшесiнiң бiрiне барып, тиiстi келiсiмге қол қоюға тура келедi.
Мобильдi қосымшадағы барлық ақпарат 2 тiлде: қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылған. Қосымшаның көмегiмен жеке зейнетақы шотының бар екендiгi туралы анықтаманы, ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме алуға, сiздi қызықтыратын мәселе бойынша өтiнiш жiберуге, мобильдi кеңсенiң шығуына немесе керi қоңырауға тапсырыс беруге, өз деректемелерiңiзге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерiн есептеуге болады. Сондай-ақ, шоттың жай-күйiн бақылауға, зейнетақы жүйесiндегi барлық өзгерiстер туралы бiлуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегi кеңсесiнiң орналасқан жерiн көруге, тiптi байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Бұдан басқа, осы қосымша арқылы БЖЗҚ-ның әрбiр салымшысы зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге не инвестициялық портфельдi басқарушы компанияларға аударуға пайдалану құқығын жүзеге асыру үшiн жеке зейнетақы шотындағы қаражатының жеткiлiктi екендiгiн бiле алады.
3. Қайтыс болған туысын жерлеуге және жинақтауға арналған бiржолғы төлемдi қалай алуға болады?
Алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылы 60 жасқа толғанда, олардың жасы 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейiн жыл сайын 6 айға артып отырады) толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеудi жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген (2021 жылғы АЕК — 2 917 теңге), бiрақ жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражаттан артық емес мөлшерi шегiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем жасайды.
Егер жерлеуге арналған бiржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейiн алушының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретiнде төленедi.
Егер осы төлемнен кейiн жеке зейнетақы шотында жинақтар қалса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
Алушы қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан (жерлеуге/мұрагерлерге) зейнетақы төлемдерiн алуға және мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-да ресiмдеуге арналған құжаттар тiзбесiмен Қордың enpf.kz ресми сайтында танысуға болады
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 326-бабының ережелерiне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi салық салынуға жататын зейнетақы төлемдерi түрiндегi табысқа жатады.
БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiне салық салу кезiнде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртiбi туралы толық ақпарат Қордың сайтында «Алушыларға» — «Зейнетақы төлемдерiне салық салу тәртiбi» бөлiмiнде жарияланған.
4. Қандай электрондық қызметтер бар? Iндетке байланысты тағы бiр рет жүзбе-жүз хабарласқым келмейдi.
БЖЗҚ-ның барлық қызметтерiнiң 90% астамы қазiр электрондық форматта көрсетiледi. Мысалы, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке тiркелу арқылы бiрқатар қызметтердi алуға, зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi бақылауға, шарттардың деректемелерiн толықтыруға және т.б. көптеген қызметтердi iске асыруға болады. Сiз бұл сервистi электрондық цифрлық қолтаңба арқылы немесе ЖСН мен парольдi енгiзу арқылы пайдалана аласыз. Сондай-ақ, 1 немесе 2 топтағы мүгедектiк мерзiмсiз уақытқа белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш берiп, төлемге және (немесе) көшуге қатысты өтiнiштiң мәртебесiн бақылау және тағы басқа қызметтерге де еш қиындықсыз қол жеткiзуге болады.
Қордың enpf.kz сайты үнемi жаңартылып отырады, онда жаңа қызмет түрлерi пайда болуда. Мысалы, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру, алушыларға ыңғайлы болу және уақыттарын үнемдеу мақсатында Қор БЖЗҚ-да кемiнде бес жыл жатқан, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан және оларға есептелген инвестициялық табыс есебiнен зейнетақы төлемдерiн БЖЗҚ-ның корпоративтiк сайтындағы жеке кабинет арқылы қашықтықтан тағайындау туралы өтiнiш беру мүмкiндiгiн iске асырды.
Осылайша, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру қызметi БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары:
50 жасқа толған адамдарға;
мүгедектiгi бар адамдарға;
ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегiнде зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да кемiнде бес жыл болған алушыларға ұсынылады.
Өтiнiш беру үшiн алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. «БЖЗҚ» АҚ-да тiркелген төлем алуға өтiнiштiң орындалу мәртебесiн enpf.kz сайтында да «Электрондық сервистер» бөлiмiндегi «Менiң төлемдерге/аударымдарға өтiнiштерiм» қызметiнiң көмегiмен қадағалауға болады.
Өтiнiш беру үшiн ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Жеке кабинетте авторлану, содан кейiн «Қызметтер» бөлiмiнде «Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру» қызметiн таңдау, одан әрi тиiстi құжаттарды ЭЦҚ-мен толтыру және қол қою қажет.
БЖЗҚ өтiнiшiн өңдеу мәртебесiн сайттағы жеке кабинеттiң «Қызметтер» бөлiмiндегi «Менiң төлемдерге / аударымдарға өтiнiштерiм» қызметi арқылы оңай қадағалауға болады.
Салымшы сайтта болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, болашақ зейнетақы төлемдерiн өз бетiнше есептей алады. Ол Қазақстанның көпдеңгейлi зейнетақы жүйесi шеңберiндегi зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттiк базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы.
Ол үшiн «Болжамды калькулятордағы» барлық жолдарды толтыру қажет: туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақтар сомасы және т. б. Егер сiз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тiркелген болсаңыз, калькулятордағы өрiстер автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыны есептеу екi-үш рет басу арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Жеке кабинеттегi «Зейнетақы калькуляторында» жеткiлiктiлiк шегiнен асатын және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған бiржолғы зейнетақы төлемдерi түрiнде алуға қолжетiмдi сома немесе инвестициялық портфельдi басқаратын компанияларға аударым туралы ақпарат қолжетiмдi.
Шоттың жай-күйiн қадағалауға, зейнетақы жүйесiнiң барлық жаңалықтары туралы бiлуге, зейнетақы жарналарының түскенi туралы push-хабарлама алуға және т.б. көптеген қызметтердi бiз жоғарыда атап өткен БЖЗҚ-ның мобильдi қосымшасынан да алуға болады.
Қор көрсететiн қызметтердiң көпшiлiгiн www.egov.kz электрондық үкiмет сайтынан да электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) не бiр реттiк парольдi пайдалану арқылы алуға да болады. ЭЦҚ-ны электрондық үкiмет порталынан онлайн арқылы алуға болады.
Әлеуметтiк желiлердi пайдаланушылар үшiн «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» сияқты танымал платформаларда БЖЗҚ-ның парақшалары әрдайым белсендi түрде қызмет етедi, онда сiздер өздерiңiздi қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыздар.
5. Жақында маған 2 топ мүгедектiгi белгiлендi, Мен өзiмнiң зейнетақы жинақтарымды мерзiмiнен бұрын ала аламын ба?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы белгiлi бiр жағдайларда, оның iшiнде 1 және 2-топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда да туындайды. БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асыруға мiндеттi. Аталған тәртiп, оның iшiнде БЖЗҚ-дан белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының мөлшерiн есептеу Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидасымен және Үкiметтiң 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiмен айқындалған. Осылайша, егер 2-топтағы мүгедектiк сiзге мерзiмсiз уақытқа белгiленген болса, БЖЗҚ-дан белгiленген кесте бойынша немесе егер сiздiң зейнетақы жинақтарыңыздың жалпы мөлшерi ең төменгi зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аз болса, зейнетақы төлемдерiн бiр рет бiржола ала аласыз. Ағымдағы жылы бұл сома 519 264 теңгеге тең. Егер жинақтар жеткiлiктi болса, онда зейнетақы төлемдерi олар таусылғанға дейiн жүргiзiледi. Бұл ретте кез келген жастағы мүгедектiгi бар алушылар үшiн БЖЗҚ-дан төленетiн ең төменгi зейнетақы төлемi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70% немесе ағымдағы жылы 24 012 теңгеден кем болмайды.
Өтiнiштi Қордың enpf.kz сайтында онлайн арқылы беруге болады. БЖЗҚ-ға құжаттардың қабылданған не келiп түскен күнi осы санаттағы алушылар үшiн зейнетақы төлемiне өтiнiш жасаған күн болып есептеледi, содан кейiн БЖЗҚ он жұмыс күнi iшiнде зейнетақы төлемдерiнiң сомасын сiздiң банктегi шотыңызға аударады.