БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қазанындағы негiзгi көрсеткiштерi
2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2020 жылдан бастап 01.10.2021 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының сомасы 569,5 миллиард теңгеге немесе 5% өстi.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жинақталды, оның мөлшерi 12,7 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсiм — 4%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 349,5 млрд теңге (өсiм — 16%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд теңгеге жеттi.
2021 жылдың тоғыз айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда көбiрек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 1,2 трлн теңге зейнетақы жарналары түстi, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен 439,5 млрд теңгеге немесе 57% артық. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95,7% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсiмдер құрайды, ол 917,4 млрд теңге (соңғы 12 айдағы өсiм — 24%), МКЗЖ бойынша 41,2 млрд теңге (өсiм 17%), 496 млн теңге (өсiм 41%) ЕЗЖ бойынша аударылды.
Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуi 2021 жылғы 1 қаңтар айынан 1 қазанына дейiн 1 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етiлдi. Бұл жемiстi болған өткен жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен асып түстi, нақтырақ айтқанда, 1% немесе 7 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк жыл басынан берi 8,89%, ал инфляция 6,2% құрады. Бұл ретте соңғы 12 айдағы кiрiстiлiк — 10,08% , осы кезеңдегi инфляция — 8,9% көрсеттi.
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11,7 млн бiрлiкке тең. Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны — 10 909 456 бiрлiк. Одан әрi МКЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар — 534 067 бiрлiк. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар саны қазiр 54 013 бiрлiк болды.
Жыл басынан берi БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 трлн теңге төлендi, төлемдердiң басым бөлiгiн бiржолғы зейнетақы төлемдерi (БЗТ) құрады, оның көлемi — 1,9 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екiншi орында жасы бойынша төлемдер — 71,6 млрд теңге. Одан әрi сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 47,6 млрд теңге, мұрагерлiк бойынша төлемдер — 43,3 млрд теңге, ҚР шегiнен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер — 29,1 млрд теңге, жерлеуге — 4,0 млрд теңге және мүгедектiк бойынша төлемдер 1,6 млрд теңге.
Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 525 теңге, ал ай сайынғы төлемнiң ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.