Меню

Страницы

Статья

Құрметті журналистер мен блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

«БЖЗҚ» АҚ сіздерді 18 қарашада орыс тілінде және 19 қарашада қазақ тілінде өтетін зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы бойынша онлайн-мектепке қатысуға шақырады.

Курс бағдарламасында қатысушыларға түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады - Қазақстанның зейнетақы жүйесі және «БЖЗҚ» АҚ қызметі, демографиялық трендтер және жинақтаушы құрамдауыштың қажеттілігі; зейнетақы заңнамасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану және зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға (ИПБ) аударуға қатысты өзгерістер; ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) және ЕАЭО елдерін зейнетақымен қамсыздандыру бойынша өзгерістер; «БЖЗҚ» АҚ цифрлық қызметтері - және тағы басқалар. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп, ҚРҰБ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі модуль таныстырылады.

Өтетін орны: вебинарларға арналған Cisco Webex платформасы

Спикерлер: «БЖЗҚ» АҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары

Өтетін уақыты:18 қараша орыс тілінде және 19 қараша қазақ тілінде 10:00-ден 13:00-ге дейін* 

Қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет. Онда ТАӘ, басылымның немесе университеттің атауы, қатысу күні және ватс ап қосымшасы бар телефон нөмірі (шақыру-сілтеме жіберу үшін) сияқты жеке деректеріңіз көрсетілуі тиіс. Шақыру-сілтеме Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

* Толық бағдарлама осы хаттың қосымшасында

Дата публикации
29 октября 2021
Дата обновления
29 октября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы