Мiне, осымен алтыншы жыл қатарынан Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, БЖЗҚ қызметтерi, зейнетақы жүйесi және зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызмет нәтижелерi туралы хабардар болу деңгейiн арттыруға бағытталған белсендi ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу шеңберiнде қаржы журналистикасы мектебiнiң қарқынды курсын өткiзiп келедi.
Қор сарапшылары екi күн бойы қазақ және орыс тiлдерiнде шеберлiк сабақтарын өткiзедi. Айта кетейiк, курс бағдарламасында қатысушыларға түрлi тақырыптар бойынша оқыту модульдерi ұсынылады:
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп. ҚРҰБ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi модуль таныстырылады.
Коронавирус iндетiне байланысты биылғы жылы iс-шара, өткен жылғыдай, ыңғайлы онлайн форматта өткiзiледi.
Қатысу үшiн алдын-ала тiркелу қажет. Қатысуға өтiнiмдi press@enpf.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет. Онда ТАӘ, басылымның немесе университеттiң атауы, қатысу күнi және ватсап қосымшасы бар телефон нөмiрi (шақыру-сiлтеме жiберу үшiн) сияқты жеке деректерiңiз көрсетiлуi тиiс.
Шақыру-сiлтеме Сiзге iс-шара басталардан бiр күн бұрын жiберiледi.