Шығыстары облыстық бюджет есебінен субсидиялауға жататын
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Шығыстары облыстық бюджет есебінен субсидиялауға жататын Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурсты (бұдан әрі - Конкурс) өткізу туралы хабарлайды. Конкурс 2021 жылғы 29 қазан күні сағат 11.00-де Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61 үй, 304 кабинетте өтеді.
- Конкурсқа маршруттардың мынадай пакеттері шығарылады:
|
Мар
шрут
тың №
|
Маршруттың атауы
|
|
| |
|
1
|
Петропавл - Есілкөл
|
|
|
Есілкөл - Петропавл
|
|
|
2
|
Петропавл - Макушино
|
|
|
Макушино - Петропавл
|
|
- Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, өзінің және (немесе) сенімгерлік басқарудағы мүліктік жалдауы бар немесе өзге де заңды негіздерде жылжымалы құрамның мүкәммал паркі пайдаланатын кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-не Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61 үй, 308 кабинет мекенжайы бойынша конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінім ұсынады.
- Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 28 қазан сағат 10.00-ге дейін.
Анықтама алу үшін 33-11-17, 33-86-95 телефондарына хабарласуға болады.
Тендерлік құжаттама