Қымбатты жерлестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл — кәсіподақ мүшелерінің проблемаларын бірінші болып қабылдаған және осы мәселелерді мүмкіндігінше шешетін адамдардың мерекесі. Сіздер жалдамалы жұмыс істейтін адамдардың заңды құқықтары мен өмірлік мүдделерін қорғау сияқты басты міндетті абыроймен жүзеге асырасыздар және сонымен жоғары сенімге ие болдыңыздар.
Сіздер әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту бойынша үлкен және тиімді жұмыс жүргізесіздер, еңбек адамдарының өмір сүру деңгейін нақты жақсартуға, жұмыс орындарын сақтау мәселелерін шешуге қол жеткізесіздер. Сіздер еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға, еңбек пен денсаулықты қорғауға, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыруға қол жеткізесіздер, дене шынықтыру мен спорт жұмысына, жастармен жұмысқа, билік органдарымен өзара іс – қимыл мен диалогқа, кәсіподақтардың үздік дәстүрлерін — ортақ әрекеттерді жандандыруға көп көңіл бөлесіздер.
Сіздерге алдағы уақытта да белсенді өмірлік ұстанымды, еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау бойынша табысты қызмет атқаруларыңызды, әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген біздің даңқты кәсіподақ дәстүрлерімізді нығайтуды және көбейтуді тілеймін!