Меню

Страницы

Статья

Құықтық статистика органдары көрсететiн мемлекеттiк қызметтер

Құқықтық статистика органдары үш мемлекттiк қызметтi көрсетедi, оның iшiнде "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" қызметiнен басқа екi қызметтi www.egov.kz онлайн «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы алуға болады.

Ресми құжаттарғы апостиль қою қызметiнен басқа қызметтердiң барлығы тегiн көрсетiледi, осы қызметтi көрсету үшiн 0,5 АЕК мөлшерiнде мемлекеттiк баж салығы алынады.

«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттiк қызметтi үйден шықпай-ақ, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталында немесе азаматтардың мобильдiк қорына тiркелген мобильдiк телефоны арқылы алуға болады.

Қызмет көрсетудiң ең аз мерзiмi — 10 минут, қосымша тексеру жасаған кезде — 5 жұмыс күнi.

«Үшiншi тұлға» ретiнде анықтаманы жеке тұлға және заңды тұлға да алуы мүмкiн, мәлiметтер Сiзден келiсiм болғанда ғана берiледi.

Мемлекеттiк корпорация арқылы алынған дайын нәтиженi бере отыра, оның iшiнде апостиль қойылған, қағаз форматтағы соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы алу үшiн «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық өтiнiм беру мүмкiндiгi қарастырылған. Өтiнiм берген кезде Мемлекеттiк корпорация филиалының мекенжайын таңдау қажет.

Апостиль қойылған анықтаманы алу қажеттiлiгi туындаған жайдайда порталда мемлекеттiк баж салығын онлайн режимiнде төлеу мүмкiндiгi көзделген.

Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттiк корпорация филиалдарының бөлiмдерiне жүгiну уақыты — 5 жұмыс күнi, басқа бөлiмдерiне жүгiнгенде — 10 жұмыс күнi белгiленген.

Мұрағаттық анықтама алу үшiн «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына өтiнiш тастау немесе веб-портал арқылы алуға болады. Өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат, сонымен бiрге туыстарға ақпарат алған кезде туыстық дәрежесiн бiлдiретiн құжат, қызмет алушы басқа тұлғаның мүддесiн бiлдiрген кезде нотариатта куәландырған сенiмхат болуы керек.

Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттiк корпорация филиалдарының бөлiмдерiне, сондай-ақ, портал арқылы жүгiнген кезде қызмет көрсету мерзiмi — 8 жұмыс күнi және басқа филиалдарға жүгiнгенде — 10 жұмыс күнi белгiленген.

«Прокуратураы органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттiк қызмет Мемлекеттiк корпорация арқылы қағаз түрiнде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттiк корпорация филиалдарының бөлiмдерiне жүгiнген кезде — 5 жұмыс күнi; басқа филиалдарға жүгiнгенде — 10 жұмыс күнi мерзiмiнде жүргiзiледi.

Барлық көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер бойынша қызмет берушi — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi мен оның аумақтық басқармалары болып табылады.

ҚР БП ҚСжАЕК
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы

Дата публикации
08 октября 2021
Дата обновления
08 октября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы