Қазіргі уақытта азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған, ҚР Үкіметі әзірлеген мемлекеттік бағдарламалар «Нұрлы жер», «Шаңырақ», «Өз үйім», «Бақытты отбасы» пилоттық жобалары іске асырылады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны жыл сайын артып келеді, егер 2019 жылы 250, 5 мың ш.м, 2020 жылы — 306,4 мың ш.м салынса, 2021 жылы облыс 340 мың ш.м енгізуді жоспарлап отыр, бұл 3,5 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Солтүстік Қазақстан облысында 4 жыл ішінде, 1 млн.шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, 10 мыңнан астам жаңа пәтер салынды. Егер өткен жылы 306 мың шаршы метр, яғни 3,3 мың пәтер пайдалануға берілсе, биыл 340 мың шаршы метрді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
Бүгінгі күні облыста 51 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (29 бюджеттік (3107 пәтер); 22 коммерциялық (1261 пәтер). Жыл соңына дейін 30 көпқабатты тұрғын үй (19 бюджеттік (1913 пәтер), 11 коммерциялық (469 пәтер) пайдалануға беріледі.
Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар 48 алаңда жүргізілуде, оның ішінде 27 бюджеттік үй 2937 пәтерге және 21 үй 1215 пәтерге жеке инвестициялар есебінен. Ағымдағы жылы 1833 пәтерлік 17 бюджеттік үйді пайдалануға беруді және 423 пәтерлік 10 коммерциялық үйдің құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтауды жоспарланды.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары облыс аудандарында да жүргізіліп отыр. Ағымдағы жылы Шал ақын ауданында жеке инвестициялар есебінен 80 пәтерлі 2 бюджеттік үйді (Мамлютка қ. — 30 пәтерлі жалға берілетін үй, Новоишим а. — 50 пәтерлі үй (несиелік) және 1 үйді (46 пәтер) пайдалануға беру жоспарланды.
Құрылыс негізінен бұзылатын ескі тұрғын үйлердің орнында салынады. Қала бойынша барлығы 1,6 мыңнан астам ескі жеке үйлер бұзылды. Биыл 700 үйді бұзу жоспарланған, оның ішінде 403 үй бұзылды.
Сондай-ақ, облыс «Жаңа қала» реновациялау бағдарламасына бастамашылық етті, ол апаттық (ескі) тұрғын үйлерді бұзу және тұрғын үй мен жер учаскесін реквизициялау тәртібімен, одан азаматтарды көшіру жолымен «ескі» орамдарды кешенді қайта жаңартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Аталған бағдарлама бойынша 177 пәтерлік 3 үйдің құрылысы жоспарланды.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы» КММ-нің байланыс деректері
|
Мекен-жайы: |
150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 23, 219 каб. |
|
Байланыс телефоны |
+7 7152 46-22-31 (қабылдау бөлмесі) |
|
Сенім телефоны: |
+ 7 7152 46-22-31 |
|
E-mail: |
|
|
Күн тәртібі: |
9:00-18:30. бес жұмыс күні, түскі үзіліс: 13:00-14:30 |