2021 ж. 30.09.
Солтүстiк Қазақстан облысында бақылау-қадағалау органдары бизнес алдында есеп бердi
2021 жылғы 30 қыркүйекте Петропавл қаласында бақылау және қадағалау органдарының бизнес алдындағы «Бiрыңғай есеп күнi» өткiзiлдi.
Iс-шараға прокуратура, мемлекеттiк және аумақтық органдар, бизнес-қоғамдастық өкiлдерi қатысты. Жер инспекциясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментi, Мемлекеттiк кiрiстер, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, еңбек инспекциясы және өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi есеп бердi.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасының деректерi бойынша өңiрде сегiз айда тексеру тағайындау туралы 2 835 акт тiркелген, оның iшiнде 749 — жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiнде. Ерекше тәртiп бойынша 176 тексеру, жоспардан тыс — 568, бес мемлекеттiк аудит жүргiзiлдi.
«СҚО әкiмдiгiнiң жер инспекциясы басқармасы» КММ 104 мың гектардан астам аумақта 192 тексеру жүргiздi, 25,1 мың гектар аумақта 118 бұзушылық анықталды, 1,7 млн.теңге сомасына 13 айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 111 ұйғарым берiлдi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне, елдi мекендерде объектiлер салуға арналған жер учаскелерiн мақсаты бойынша пайдаланбау негiзгi бұзушылықтар болып табылады.
«СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» КММ тарапынан облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметiне 158 тексеру жүргiзiлдi. Бұл ретте 461 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды. Оның 197-сi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша. Жұмыс берушiлерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 119 ұйғарым берiлдi. Еңбек шарттарын жасасуға келетiн болсақ, 1 қыркүйекте облыс кәсiпорындарында 5 302 Ұжымдық шарт жасалды, бұл облыстың жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарының 96%-дан астамын құрайды.
Мемлекет пен бизнес арасындағы өзара iс-қимылды арттыру үшiн өңiрде жыл сайын қыркүйектiң соңғы бейсенбiсiнде «Бiрыңғай есеп күнiн» өткiзу жоспарлануда.


2021 ж. 29.09.
Солтүстiк Қазақстан облысында марапаттау рәсiмi өттi «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары
2021 жылғы 29 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде СҚО әкiмiнiң орынбасары Ғани Сақтанұлы Нығыметовтың қатысуымен 5 номинация бойынша «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды.
«Жыл меценаты» — ғылымды, бiлiмдi, мәдениетегi өнердi, спорт шеберлiгiн дамытумен, қоғам мен мемлекеттiң тарихи және этномәдени көрсету бойынша белсендi меценаттық қызметi үшiн берiледi.
«Туған өлке» — Туып өскен жердi қолдап, әлеуметтiк маңызды жобаларды iске асыруға қосқан үлесi үшiн.
«Жыл тұлғасы» — Қоғам мен тұлғалардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, олардың өмiр сүру жағдайларын жақсарту үшiн жеке тұлғаның жеке ресурстарын бөлуге негiзделген белсендi филантропиялық қызметi үшiн.
«Жылдың үздiк қамқоршысы» — елеулi әлеуметтiк-маңызды өзгерiстер мен қайта құруларға әкеп соққан кешендi қайырымдылық қызметi үшiн.
«Жылдың үздiк ұйымы» қайырымдылық бағдарламасын тиiмдi iске асырғаны үшiн.
Конкурстың негiзгi мақсаты халықты, бизнес-құрылымдар өкiлдерiн, меценаттарды, волонтерлердi туған өлкенi дамытуға қатысуға ынталандыру, азаматтық белсендiлiктiң үздiк тәжiрибелерiн тираждау, қайырымдылық қызмет пен меценаттық және филантропиялық идеаларын танымал ету болып табылады.
«Жыл меценаты» номинациясы бойынша лауреат атанған «Агроном Тайынша» ЖШС Ғабдуллин Жұмағали Жартайұлы марапатталды. Аталған лауреат иесi «Виноградовка-Ясная Поляна-Кирово» селолық округтерiнде КТТА-70 жолдарын жөндеп, жобалап сметалық құжаттамаларды дайындады. Сонымен қатар, «Ильич» ауылының тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге материалдық көмегiн көрсетуде.
«Туған өлке» номинациясы бойынша лауреат атанған «Александровское» ЖШС Чернышов Вячеслав Павлович. Аталған лауреат иесi М.Жұмабаев ауданы Александровка ауылының көшелерiне асфальт әдiсiмен жөндеу жұмыстарын жүргiздi.
«Жыл тұлғасы» — номинациясында «Астық-Стем» ЖШС директоры Звольский Сергей Сергеевич сыйлық лауреаты атанды. Аталған жеңiмпаз өз қаражаты есебiнен жол инфрақұрылымын дамытуға өз үлесiн қосты. Сонымен қатар, «Қарағаш-Краснокиевка» автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама дайындауға ақы төлеп, халық үшiн су құбырын ағымдағы жөндеуден өткiздi. Қарағаш ауылының мерейтой иелерiне құрмет көрсетiп демеушiлiк қолдауын бiлдiрдi. Сондай-ақ Қарағаш ауылына демеушiлiк қолдау көрсеттi.
«Жылдың үздiк қамқоршысы» — номинациясында лауреат жеңiмпазы ЖШС «Таткрафт-Инвест» Исаков Андрей Анатольевич болды. Ол жыл сайын аз қамтылған отбасылардығ балаларына, мүгедектере, балалар үйiне, үйсiз жануарларға кешендi қайырымдылық жұмыстарын көрсеттi. Жыл сайын № 43 Ғ.Мүсiрепов орта мектеп үздiктерiне ай сайынғы шәкiрт ақы төлейдi. Бұл 2020-2021 оқу жылында жалпы сомасы 6,350 млн теңгенi құрады. «Фауна» және «Белый Бим» қаңғыбас жануарларды ұстау жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктердi қаржыландыру жұмыстарын жүргiзуде.
«Жылдың үздiк ұйымы» номинациясының жеңiмпазы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң басшысы Нина Владимировна Попова атанды. Ол ардагерлер кеңесiнiң қызметiн жандандыруға бағытталған ардагерлердiң, зейнеткерлердiң мүдделерi мен заңды құқықтарын қорғау, жастарға әскери патриоттық тәрбие беруге қатысып, моральдық және материалдық қолдау жөнiндегi жұмыстарды орындады. Соғыс ардагерлерiн, тыл еңбеккерлерiне, жалғыз тұратын азаматтарға, сондай ақ мүгедек жандарға қайырымдылық көмегiн көрсеттi.
Мұндай iс-шаралар бизнес-құрылымдар өкiлдерiн, меценаттарды, үкiметтiк емес ұйымдар мен ерiктiлердi туған өлкенi дамытуға өз үлесiн қосуға ынталандырады. Сонымен қатар iзгiлiк пен мейiрiмдiлiк идеяларын танымал етiп, өскелең ұрпақтың бойында адами құндылықтар мен патриотизм сезiмiн қалыптастырады.


