Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтiк серiктестер отырысы

2021 жылғы 29 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысында аудандар әкiмдерi — аудандық үшжақты комиссиялар төрағаларының қатысуымен әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi үшжақты комиссияның отырысы өттi.

Жұмыс барысында өңiрдегi еңбек қатынастарының жай-күйi туралы (еңбек жанжалдарының алдын алу шаралары, жалақы және мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау); еңбек шарттарының электрондық форматқа толық көшуi туралы мәселелер қаралды.

Отырыста сондай-ақ кәсiподақ тарапы бастамашылық еткен ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi облыстық Салалық келiсiмдi iске асыру туралы мәселе қаралды.

Әлеуметтiк серiктестер — СҚО әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының және "СҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң жергiлiктi кәсiподағы" ҚБ өкiлдерi комиссия мүшелерiн өзара мiндеттемелердiң орындалуы туралы, оның iшiнде сала қызметкерлерiнiң еңбекақысын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар еттi.

Облыстық үшжақты комиссия төрағасы, отырыс қорытындысы бойынша, аудан әкiмдерiне құқық қорғау органдарымен және жұмыс берушiлермен бiрлесiп, жалақыны, әлеуметтiк аударымдар мен мiндеттi зейнетақы жарналарының уақытылы төленуiне тұрақты негiзде мониторинг жүргiзудi тапсырды. Берешекке жол берген басшылардың есептерiн комиссияларда тыңдау.

Дата публикации
30 сентября 2021
Дата обновления
30 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы