Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

Жеке зейнетақы жоспары — жаңа ұрпақтың трендi!

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 24 қыркүйегi күнi онлайн форматта «Ашық есiк күнiн» өткiзедi. Басты тақырып: Жеке зейнетақы жоспары — жаңа ұрпақтың трендi!

Биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi өзiнiң жиырма үшiншi туған күнiн атап өтуде. Осы уақыт iшiнде елiмiздiң жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келiп, өсiп-өнуде. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесiнiң қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазiрдiң өзiнде қатысушысы болып үлгерген. Жастар ендi ортақ төлемдердi алмайтын болады. Десек те, олардың болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелерiне қарағанда лайықты зейнетақы алуларына мүмкiндiктерi бар.

Қазiргi жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң толық циклiне қатыса алады. Ол — 40 жыл және одан жоғары уақыт. Бүгiнгi студенттерге тұрақты жарналар аударумен қатар жұмыс берушiмен жасалатын еңбек шарты және ресми жалақы олардың болашақта табысқа жетулерiнiң кепiлi екенiн бiлу маңызды.

Бiздiң мамандар зейнетақы калькуляторының көмегiмен тұрақты жарналар есебiнен болашақ зейнетақыны айтарлықтай көбейтуге болатындығын көрнекi түрде көрсетедi.

Бiз болашақ салымшыларымызды бүгiннен бастап күтемiз!

Естерiңiзге сала кетейiк, «Ашық есiк күнi» онлайн-форматта 24 қыркүйекте сағат 10:00-де өтедi. Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әр қатысушыға сiлтеме https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5cf4a0b2f0d1bb1c4bd5cda2eb2ca450 бойынша өту керек. Содан кейiн event-мәжiлiс нөмiрiн 2515 872 8739 және event-мәжiлiс паролiн SMwJ енгiзiңiз.

Естерiңiзге сала кетейiк, «Ашық есiк күнi» онлайн-форматта 24 қыркүйекте сағат 12:00-де өтедi. Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әр қатысушыға сiлтеме https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e0489e3d785e5efe05e2a59416a5778fc бойынша өту керек. Содан кейiн event-мәжiлiс нөмiрiн 2517 983 6891 және event-мәжiлiс паролiн f7JU енгiзiңiз.

Естерiңiзге сала кетейiк, «Ашық есiк күнi» онлайн-форматта 24 қыркүйекте сағат 15:00-де өтедi. Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әр қатысушыға сiлтеме https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eecda96c4f84412fdadead413a8d07800 бойынша өту керек. Содан кейiн event-мәжiлiс нөмiрiн 2516 905 3221 және event-мәжiлiс паролiн KrWr енгiзiңiз.

Дата публикации
16 сентября 2021
Дата обновления
16 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы