Өнеркәсіп. 2021 жылғы қаңтар-шілде нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 192 521,2 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 7,2%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (75%), 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 144 315,3 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2020 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 6,2%-ға жоғары.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде тамақ өнімдерінің өндірісі 91 194,8 млн. теңгені құрады, заттай түрдегі сүт өнімдерінің өндірісі 6,6%-ға, ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру 28,3%-ға, жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу 28,6%-ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 23,7%-ын алатын машина жасау саласында 34 273,6 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілде көлемдерінен 24,1%-ға жоғары.
Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 4 339,0 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 3 717,4 млн. теңгеге шығарылды.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында 2021 жылғы қаңтар-шілдеде көлем 35 518,2 млн. теңгені құрады.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде сумен жабдықтау саласының көлемі 8 529,5 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 24,9%-ға жоғары.
ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде облыстың индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 2021 жылға 675 жұмыс орнын құра отырып, 10,2 млрд. теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-шілде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 124962,5 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2020 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 101,7%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 51,6 мың тоннаны немесе 2020 жылғы қаңтар-шілдеге 102,7% құрады.
Сүт – 375,0 мың тонна (106,4%),
Жұмыртқа – 280,3 млн. дана (71,4%).
2021 ж. 01.08. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
ІҚМ – 448,3 мың бас (104,0%);
с.і. сиыр – 214,7 мың бас (104,8%);
қой мен ешкі – 501,9 мың бас (102,9%);
жылқы – 153,1 мың бас (103,6%);
шошқа – 223,7 мың бас (103,6%);
құс – 4921,2 мың бас (97,5%).
Кәсіпкерлік. 2021 жылғы 1 тамызға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30 250 бірлікті құрады немесе 2020 жылғы сәйкес дата деңгейіне 102,3%.
Инфляция. 2021 жылғы қаңтар-шілде айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 105,3% құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 7,1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 4,3%, ақылы қызметтердің бағасы – 4,1%.

Негізгі капиталға инвестициялар. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 155 985,1 млн. теңгені немесе 2020 жылғы ұқсас кезеңге 124,5% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 56,1%), бюджеттік қаражат (13,3%), банк кредиттері (3,4%), басқа қарыздық қаражат (27,2%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (58,9%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (14,6%), көлік және қоймалау (10,4%), өнеркәсіп (9,2%) табылады.
Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-мамырда облыс аумағында жалпы ауданы 90 393 ш.м тұрғын үй енгізілді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңге 111,0% құрайды.
Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2021 жылы мыналарға бөлінді:
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 2 799,1 млн. теңге. Игеру 1 736,1 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл — Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 793,6 млн. теңге. Игеру 30,0 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында сумен жабдықтау нысандарының құрылысына – 1 947,1 млн. теңге. Игеру 495,4 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) жергілікті бюджеттен – 637,1 млн. теңге бөлінген. Игеру 135,0 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 95%).
2020 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.
Әлеуметтік қорғау. 2021 жылғы қантар-шілдеде өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 5316 адамды құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 12%-ға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,7 пайызды құрады, бұл 2020 жылы қантар-маусымдағы деңгейден 0,3%-ға төмен.
2021 жылғы 1 тамызға 8934 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 20872 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 3299 адам жіберілді.
2021 жылғы 1 тамызға 8565 азаматқа 379,8 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 196,9 млн. теңгені құрады, 2021 жылғы 1 тамыз жоспарындағы 4 млрд. 200,8 млн. теңгеден 3 млрд. 996,6 млн. теңге немесе 95,1% игерілді, оның ішінде:
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2021 жылы облыстық бюджетте барлығы 2 157,7 млн. тенге қарастырылған. Соның ішінде Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында жылдық жоспар облигациялық қарыз есебінен 1 765,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 72 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салуға 320,5 млн. теңге бөлінді.
Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 15 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп — бала бақша» кешені, 394 шағын-орталық ( 5 жекекменшік) жұмыс атқарады.
2020-2021 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 462 бірлікті құрайды.
"Білім" саласына 2021 жылы 108 131,7 млн. теңге қарастырылды.
2021 ж. 01.08 жоспардағы 60 395,1 млн. теңгеден игерілу 60 201,5 млн. теңгені немесе 99,7% құрады.
Барлығы 2021 жылы білім беру объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 8881 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 600 орындық екі студенттер жатақханасын салу – 540 млн. теңге.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен.
ЖҚЖК шеңберінде ішкі қарыздар есебінен:
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 8 325,5 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 1 812,8 млн. теңгеден игерілу 1 793,3 млн. теңгені немесе 98,9% құрады.
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2019 жыл |
Қаңтар-желтоқсан 2020 жыл |
Қаңтар-шілде |
2021 ж. 2020 ж. % |
|
|
2020 жыл |
2021 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
97,2 |
104,0 |
50,2 |
51,6 |
102,7 |
|
Сүт |
мың тонна |
567,7 |
597,8 |
352,5 |
375,0 |
106,4 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
802,9 |
558,4 |
392,4 |
280,3 |
71,4 |
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2021 жылғы қаңтар-маусымға облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 178,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылғы сәйкес кезеңге 113,3%, соның ішінде тауарларды экспорттау – 126,8 млн. АҚШ доллары (1,4 есе ұлғайту), импорт – 52,0 млн. АҚШ доллары (25,7%-ға қысқару). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 74,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 26,0%), Қытай (23,9%), Өзбекстан (18,5%), Польша (7,8%), Бельгия (6,8%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» — барлық экспорт көлемінің 94,1%-ы немесе 119,3 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 25,6%), Германия (25,5%), Украина (7,2%), Түркия (6,7%), АҚШ (6,5%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 54,6%-ы немесе 28,4 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (26,9%-ы немесе 14,0 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (11,6%-ы немесе 6,0 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (2,2%-ы немесе 1,1 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2021 жылғы қаңтар-маусымға Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 236,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңнен 14,5%-ға артық, соның ішінде импорт – 195,1 млн. АҚШ доллары (4,6%-ға артық), экспорт – 41,0 млн. АҚШ доллары (2,1 есе ұлғайту).

