2021 жылғы 30 шiлдеде Солтүстiк Қазақстан облысында мемлекеттiк еңбек инспекциясы, прокуратура, Мемлекеттiк кiрiстер департаментi және салалық басқармалар өкiлдерiнiң қатысуымен СҚО әкiмiнiң орынбасары А.Ж. Сакипкереевтiң төрағалығымен еңбек жанжалдарын мониторингiлеу және шешу жөнiндегi жұмыс тобының отырысы өттi.
Отырыс барысында еңбек саласындағы ағымдағы жағдай және өңiрде еңбек жанжалдарының туындауы ықтимал тәуекелдерi туралы; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарындағы еңбек саласының жай-күйi туралы; ағымдағы жылдың 2 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекiту туралы және т.б. мәселелер қаралды.
СҚО Кәсiподақ орталығының төрағасы Е.Е. Нұрақаев кәсiподақ қатысатын кәсiпорындардағы ағымдағы жағдай және еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегi және еңбек заңнамасын мүлтiксiз сақтаудағы кәсiподақтардың рөлi туралы хабардар еттi. Кәсiподақтар мониторинг жүргiзiп жатқанын, оның көздерi, ең алдымен, бастауыш кәсiподақ ұйымдары төрағаларының, аудандарда — әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi келiсiмдерге қол қою кезiнде қызметкерлердiң мүдделерiн бiлдiретiн Үйлестiру кеңестерiнiң төрағалары, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл және әлеуметтiк желiлер болып табылатынын атап өттi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бөлiгiнде қабылданған шаралар бойынша ағымдағы жылы жарақаттану жағдайлары болған ұйымдардың өкiлдерi тыңдалды. Олар "Сұлтан-ЭММК" АҚ, "Рока" ЖШС, "ЗИК СТО" ақ, "Береке-Агро" ЖШС, "Атамекен-Агро" ЖШС, "КЭСС" ЖШС, "Тайынша Агро Инвест" ЖШС, олар жарақаттанудың алдын алу және себептерiн жою үшiн қабылданған қосымша шаралар туралы егжей-тегжейлi баяндады.
Барлық жағдайларда зардап шеккендерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша орташа жалақысының 100% мөлшерiнде жәрдемақы төленгенiн, денсаулығын қалпына келтiру үшiн материалдық көмек көрсетiлгенiн, жоспардан тыс нұсқаулықтар, ҚжЕҚ үшiн жауапты адамдарды оқыту жүргiзiлгенiн атап өткен жөн.
Жұмыс тобының жұмысында бұрын қабылданған ұсыныстардың орындалуын қарастыру оң тәжiрибеге айналды. "Петропавл қаласының халықаралық әуежайы" АҚ-да берешектi өтеу туралы мәселе шешiлдi.
"ПАМЗ" АҚ-дағы жалақы бойынша берешектi жою мәселесiн облыс әкiмiнiң төрағалығымен өткен облыстық үшжақты комиссия отырысында қарау ұсынылды.
"СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ тобы қызметкерлерiнiң еңбекақысының төмен деңгейi туралы мәселе бойынша Кәсiподақ орталығының төрағасы "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ тобы кәсiподақ комитетiнiң төрағалары мәжiлiсмендер Д.В. Колодамен, Е.С. Тайжановпен кездескенiн, олар энергетиктердiң салалық кәсiподағымен бiрге бұл жұмысты ҚР Парламентiнде жалғастыратынын атап өттi.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкiмдерi мен салалық басқарма басшыларына тиiстi тапсырмалар берiлдi.