Меню

Страницы

Статья

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы

СҚО-да «Үздiк ауыл әкiмi» республикалық байқауына үмiткер анықталды

Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында бастамашылық еткен «Үздiк ауыл әкiмi» республикалық конкурсының I кезеңi аяқталды.

Конкурстың мақсаты — жұмыста жоғары тәжiрибелiк нәтижелерге қол жеткiзген, ауылдық елдi мекендердiң дамуына елеулi үлес қосқан үздiк ауыл әкiмдерiн анықтау және көтермелеу болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлердi iшкi iрiктеуден өткiзу қорытындысы бойынша аудан әкiмдерiнiң аппараттары облыстың Өңiрлiк комиссиясына 13 ауылдық округ әкiмдерiнiң материалдарын қарауға ұсынды.

Әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес, облыстың Әдеп жөнiндегi уәкiлiмен сауалнама жүргiзу үшiн сауалнама әзiрлендi, оған сәйкес сауалнама жүргiзiлдi және үмiткерлердiң мемлекеттiк қызметшiлердiң этикасын сақтауы бойынша қорытынды берiлдi.

Өңiрлiк комиссия мүшелерi әкiмдердiң халықпен керi байланыс орнату жөнiндегi қызметiн бағалады, осы бағытта қол жеткiзiлген нәтижелердi зерттедi.

«Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бағалау рәсiмдерiнiң мiндеттi талаптарының бiрi облыс әкiмдiгiнiң сайтында, сондай-ақ аудандар мен ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының әлеуметтiк желiлерiнде орналастырылған 17 критерий бойынша онлайн-дауыс беру түрiнде өткен әкiмдердiң жұмысына халықтың қанағаттануын өлшеу болып табылады.

Үмiткерлер өз жұмысы туралы бейнероликтер, сондай-ақ таяудағы 3 жылға ауылдық округтi дамытуға бағытталған жобалық жұмыстарды дайындады.

2021 жылғы 17 тамызда өңiрлiк конкурс комиссиясының қатысушыларымен онлайн әңгiмелесу өттi, оның құрамына БАҚ, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк органдардың басшылары кiрдi.

Отырыс қорытындысы бойынша республикалық конкурсқа қатысуға үмiткер болып Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжi ауылдық округiнiң әкiмi Шырайлым Рысбайқызы Омарова белгiлендi.

Комиссия мүшелерi бейнеролик дайындаудағы шығармашылық тәсiлдi, сондай-ақ басқа қатысушылардың жұмыстарымен салыстырғанда үздiк болып табылатын жобалық жұмысты оң бағалады.

Қорытындылай келе, комиссия төрағасы Жанат Жұмабаев барлық жұмыстардың қызықты, креативтi түрде көрсетiлгенiн атап өтiп, ауылдық округ әкiмдерiне байқауға белсендi қатысқаны үшiн алғыс айтып, олардың қажырлы еңбектерiне табыс тiледi.

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге қол жеткізген ауыл әкімдерін анықтау мен көтермелеуге бағытталған «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өткізіледі.

Кандидаттарды бағалау кезінде олардың жұмысының тиімділігін айқындайтын халықтың пікірі ескеріледі.

Ұсынылған сауалнамаға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз, сілтеме немесе QR-код бойынша өту арқылы сіздің ауылдық округі әкімінің мәліметтеріне қарама-қарсы жолда көрсетілген.

Онлайн дауыс беруді өткізу мерзімі: басталуы 01 тамыз 09.00 сағат аяқталуы 09 тамыз 18.00 сағат.

Ескерту: әрбір жеке алынған әкім үшін дауыс беруге тек тиісті ауылдық округтің тұрғындары ғана қатысады.

Қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

№ п/п

Лауазымы, ТАӘ

Фотография

Сауалнамаға сілтеме

Сауалнамаға QR сілтемесі

1

Айыртау ауданының Антоновка ауылдық округінің әкімі Оразалин Жомарт Жетпісбайұлы

https://forms.gle/zZjSb6Lmi4FHZ2pS8

2

Аққайын ауданының Смирново ауылдық округінің әкімі

Хамзин Асхат Әшкенұлы

https://forms.gle/QDNx8MThs22JDhVN7

3

Аққайын ауданының Астраханка ауылдық округінің әкімі

Жүнісбаева Айгүл Айдарханқызы

https://forms.gle/Qk1Zypnbc2zYT8Qp9

4

Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округінің әкімі

Маймақов Асан Хайроллаұлы

https://forms.gle/7spRyDcp8Wjcs4gm7

5

Жамбыл ауданының Кладбинка ауылдық округінің әкімі

Волков Николай Иванович

https://forms.gle/H2uXNTHNYWJoL6A26

6

Қызылжар ауданының Бугровое ауылдық округінің әкімі

Жоламанов Марат Қазыкенұлы

https://forms.gle/n1VeBYtjJYtYWx4z9

7

Мағжан Жұмабаев ауданының Лебяжье ауылдық округінің әкімі

Омарова Шырайлым Рысбайқызы

https://forms.gle/1pRUNHV4Wxpy4PRdA

8

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округінің әкімі

Баяхметов Бауржан Марлыбайұлы

https://forms.gle/Ev66PGSH17owBMo7A

9

Тайынша ауданының Донецк ауылдық округінің әкімі

Қахабаев Мұрат Мұхамбетқалиұлы

https://forms.gle/FHDTzSmPnBgEDvKv5

10

Тайынша ауданының Киров ауылдық округінің әкімі

Ищанов Кайыргелді Танатарұлы

https://forms.gle/DUTP3HWQQGuhkzwVA

11

Тимирязев ауданының Хмельницк ауылдық округінің әкімі

Попова Ирина Николаевна

https://forms.gle/HinQWaE785ec9vr49

12

Тимирязев ауданының Докучаев ауылдық округінің әкімі

Розумов Сергей Валерьевич

https://forms.gle/nL9zWzugpivhRJDT7

13

Шал ақын ауданының Городецк ауылдық округінің әкімі

Капеева Гүлмира Амангелдіқызы

https://forms.gle/HzrYVGP5Ugcw9g9R6

Дата публикации
27 августа 2021
Дата обновления
27 августа 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы