Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуіне, сондай-ақ, БЖЗҚ-да көрсетілетін зейнетақы қызметтерінің жетілдірілуіне байланысты БЖЗҚ-ның корпоративтік сайты да үнемі жаңартылып, ондағы онлайн-қызметтердің тізімі кеңейтіліп, салымшылар мен алушыларға ақпараттық қолдау көрсету күшейтілуде.
Қазір БЖЗҚ-ның барлық қызметтерінің 90% астамы электрондық форматта көрсетіледі. www.enpf.kz корпоративтік сайтында барлық ақпарат үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсынылған.
БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте Сіз:
Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы немесе ЖСН мен парольді енгізу арқылы авторлануға болады.
Салымшыларға (алушыларға) қолайлы болуы және олардың жеке уақытын үнемдеу үшін сайтта қашықтан беруге болатын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш түрлерінің желісі кеңейтілді. Енді бұл қызметті ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылардың төмендегі санаттары да пайдалана алады:
Өтініш берер алдында қолданыстағы ЭЦҚ-ның, жеке басын куәландыратын құжаттың, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ашылған банк шотының бар екендігіне көз жеткізу қажет. Өтініш беру мақсатында БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) жеке кабинетте ЭЦҚ-ның көмегімен авторланудан өтіп, «Қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін таңдау қажет, одан әрі тиісті құжаттарды толтырып, ЭЦҚ-мен қол қою керек. БЖЗҚ-ның өтінішті өңдеу мәртебесін Сіз жеке кабинетіңіздің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер/аударымдар туралы өтініштерім» қызметі, сондай-ақ, БЖЗҚ корпоративтік сайты арқылы оңай қадағалай аласыз.
«Қызметтер» бөлімінде төмендегідей шағын бөлімдер пайда болды:
Сондай-ақ, «Көрсеткіштер» - «Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушылардың басқаруындағы инвестициялық портфельдердің құрылымдары туралы деректер, сондай-ақ, ҚРҰБ мен ИПБ инвестициялық қызметіне шолу орналастырылады. Жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару туралы шешім қабылдаған салымшылар (алушылар) үшін бұл ақпарат аса маңызды.
Жоғарыда аталғандардың бәріне қоса, БЖЗҚ сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, болашақ зейнетақы төлемдерін әлі де дербес есептеуге болады. Ол Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы.
Есептеу үш сценарийде жүргізіледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Олардың әрқайсысы кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді, ал барлық болжамды нәтижелер нақты құндық мәнде (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясы шегеріліп) ұсынылады.
БЖЗҚ сайтында көрсетілетін қызметтердің тізімі ауқымды, барлық ақпарат жеңіл және қолжетімді түрде берілген. Тек салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ, барлық мүдделі тұлғаларға www.enpf.kz сайтына кіріп, қажетті бөлімге өтсе жеткілікті.