Өнеркәсіп. 2021 жылғы қаңтар-мамыр нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 134 173,0 млн. теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 9,3%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (72,6%), 2021 жылғы қаңтар-мамырда 97 346,3 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2020 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 11,1%-ға жоғары.

2021 жылғы қаңтар-мамырда тамақ өнімдерінің өндірісі 62 163,2 млн. теңгені құрады, заттай түрдегі сүт өнімдерінің өндірісі 7,6%-ға, өсімдік және мал майлары мен тоң майларды өндіру 8,6%-ға, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 31,4%-ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 21,5%-ын алатын машина жасау саласында 20 886,9 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамыр көлемдерінен 21,1%-ға жоғары.
Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 3 520,1 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 2 927,1 млн. теңгеге шығарылды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында 2021 жылғы қаңтар-мамырда көлем 27 843,9 млн. теңгені құрады.
2021 жылғы қаңтар-мамырда сумен жабдықтау саласының көлемі 5 917,2 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 26,5%-ға жоғары.
ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде облыстың индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 2021 жылға 675 жұмыс орнын құра отырып, 10,2 млрд.теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-мамыр ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 65 727,5 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2020 жылғы қаңтар-мамыр деңгейіне 98,9%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 33,3 мың тоннаны немесе 2020 жылғы қаңтар-мамыр 99,7% құрады.
Сүт – 200,9 мың тонна (106,7%),
Жұмыртқа – 146 млн. дана (60,5%).
2021 ж. 01.06. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
ІҚМ – 498,7 мың бас (103,9%);
с.і. сиыр – 229,3 мың бас (104,9%);
қой мен ешкі – 615,4 мың бас (103,4%);
жылқы – 179,8 мың бас (101,6%);
шошқа – 229,7 мың бас (105,5%);
құс – 5033,7 мың бас (93,1%).
Кәсіпкерлік. 2021 жылғы 1 маусымға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30 117 бірлікті құрады немесе 2020 жылғы сәйкес дата деңгейі 99,0%-ға төмен.
Инфляция. 2021 жылғы қаңтар-мамыр айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 103,3% құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 4,7%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 3,1%, ақылы қызметтердің бағасы — 1,8%.

Негізгі капиталға инвестициялар. 2021 жылғы қаңтар- сәуірде қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 86 964,5 млн. теңгені немесе 2020 жылғы ұқсас кезеңге 120,4% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 58,5%), бюджеттік қаражат (13,4%), банк кредиттері (3,4%), басқа қарыздық қаражат (24,7%)табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (62,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (14,9%), өнеркәсіп (10,7%), көлік және қоймалау (5,1%), білім беру (2,2%) табылады.
Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-маусымда облыс аумағында жалпы ауданы 45 691 ш.м тұрғын үй енгізілді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңге 108,2% құрайды.
Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2021 жылы мыналарға бөлінді:
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 2 799,1 млн. теңге. Игеру 1 228,1 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл — Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 206,3 млн. теңге.
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында сумен жабдықтау нысандарының құрылысына — 540,1 млн. теңге. Игеру 19 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) жергілікті бюджеттен – 447,1 млн. теңге бөлінген. Игеру 3,6 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
2020 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.
Әлеуметтік қорғау. 2021 жылғы қантар-мамырда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 5533 адамды құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,8 пайызды құрады, бұл 2020 жылы қантар-мамырғы деңгейден 0,1%-ға жоғары.
2021 жылғы 1 маусымға 5326 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 13248 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 2591 адам жіберілді.
2021 жылғы 1 маусымға 8035 азаматқа 266,9 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 10 млрд. 601,8 млн. теңгені құрады, 2021 жылғы 1 маусым жоспарындағы 1 млрд. 961,1 млн. теңгеден 1 млрд. 941,7 млн. теңге немесе 99% игерілді, оның ішінде:
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында денсаулық сақтау объектілерін салуға 2021 жылға жылдық жоспар облигациялық қарыз есебінен 2 268,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 92 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:
Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 15 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 399 шағын-орталық ( 5 жекекменшік) жұмыс атқарады.
2020-2021 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 468 бірлікті құрайды.
Білім беру жүйесін дамытуға 2021 жылы 105,5 млрд. теңге бөлінді.
2021 ж. 01.06. жоспардағы 41 817,3 млн. теңгеден игерілу 40 995,1 млн. теңгені немесе 98,0% құрады.
Барлығы 2021 жылы білім беру объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 9756,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 4403 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 516,3 млн. теңгеден игерілу 496,2 млн. теңгені немесе 96,1% құрады.
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2019 жыл |
Қаңтар- желтоқсан 2020 жыл |
Қаңтар-мамыр |
2021 ж. 2020 ж. % |
|
|
2020 жыл |
2021 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
97,2 |
104,0 |
33,4 |
33,3 |
99,7 |
|
Сүт |
мың тонна |
567,7 |
597,8 |
188,2 |
200,9 |
106,7 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
802,9 |
558,4 |
241,1 |
146 |
60,5 |
Сыртқы сауда айналымы.
Алдын ала мәлімет бойынша 2021 жылғы қаңтар-сәуірге облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 248,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылғы сәйкес кезеңге 258,1%, соның ішінде тауарларды экспорттау – 222,5 млн. АҚШ доллары (4,1 есе ұлғайту), импорт – 26,2 млн. АҚШ доллары (1,6 есе қысқару). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 196,3 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Польша (барлық экспорт көлемінің 64,9%), Қытай (10,0%), Ауғанстан (8,3%), Өзбекстан (6,8%), Бельгия (3,9%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 98,2%-ы немесе 218,6 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Германия (импорттың барлық көлемінен 31,6%), Қытай (15,5%), Украина (10,3%), Польша (4,9%), Өзбекстан (3,4%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 60,5%-ы немесе 15,8 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (17,9%-ы немесе 4,7 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (11,4%-ы немесе 3,0 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (3,4%-ы немесе 0,9 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2021 жылғы қаңтар-сәуірге Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 146,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңнен 28,1%-ға артық, соның ішінде импорт – 121,8 млн. АҚШ доллары (17,3%-ға артық), экспорт – 25,1 млн. АҚШ доллары (2,3 есе ұлғайту).

