Меню

Страницы

Статья

Кәсіподақ еңбек адамының құқықтарын қорғауда

Ағымдағы жылғы 21-23 маусымда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің Атырау облысына жасаған екі күндік жұмыс сапарының қорытындысы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ активі тарапынан кеңінен талқыланды, оның барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының барлық қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі қағидаттық ұстанымы толық қолдау тапты.

Жұмыс сапары барысында кәсіподақ мүшелерін ғана емес, еліміздің барлық енбекшілерін толғандыратын мәселелерге ерекше назар аударылды.

ҚРКФ төрағасы С.Т. Дәулеталин кезекті рет ең төменгі жалақы деңгейі орташа жалақының 50%-ына сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. «Бүгінгі күні Қазақстанда орташа жалақы 206 000 теңге болса, ең төменгі жалақы 103 000 теңгені құрауы қажет. Біздің елде ең төменгі жалақы орташа жалақының 20%-ы. Қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, оны бірден шешу мүмкін емес екенін  түсінеміз. Оны кезең-кезеңмен шешуге жол бар ғой деп ойлаймын», — деді ҚРКФ төрағасы.

ҚРФ басшысы кәсіпорындардағы ұжымдық шарттар нормаларының декларативтілігіне жол берілмейтінін атап өтті. «Ұжымдық шарттың мазмұны бойынша жұмыс барысында кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл әрдайым тиімді бола бермейді. Тәжірибеде декларациялық сипаттағы ұжымдық шарттар да бар. Ұжымдық шарттардың жұмыс істемеуі  себептерінің бірі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының әлсіздігі мен кәсіподақ басшыларының жұмыс берушіге тәуелділігінде. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының 86% -ы қоғамдық негізде жұмыс істейді. Кәсіподақ ұяшықтары төрағаларының жеке басы үшін жұмыс берушіге деген шамадан тыс адалдығы, экономикалық талаптарды қою кезінде қажетті табандылықпен, кәсібилікпен және жүйелілікпен тең әлеуметтік диалог жүргізуге жол бермейді. Сондықтан жұмыскерлердің құқықтық  біліктілігін арттыруымыз керек», — деді ҚРКФ төрағасы.

ҚРКФ төрағасы С. Дәулеталин көтерген мәселелердің бірі жалақыны индекстеу мәселесі болды. «Индексация мәселесі өте маңызды. Бұл – ҚРКФ-ның стратегиялық міндеті. Біз қазір бұл мәселені табанды түрде алға жылжытудамыз. Жалақыны индекстеуді заңнамалық тұрғыдан бекітуді талап етудеміз,әрі қарай да  талап ететін боламыз. Бұл өнеркәсіпт басшылығының құзырындағы мәселе. Жақын болашақта осында бекітілген тәртіпке сәйкес шешеді. Индексация  жүргізу қажет және біздің кәсіподақ мүшелерінің мүддесін ілгерілетуде дұрыс шешім деп ойлаймын», — деді ҚРКФ төрағасы.

ҚРКФ төрағасы С.Дәулеталиннің Атырау облысына жұмыс сапары барысында қойылған сұрақтарға берген нақты жауаптары елімізде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жүргізіп жатқан үлкен және қажетті жұмысты, кәсіподақтар басшылығының еңбек қатынастары саласында да, сондай-ақ кәсіподақтардың жұмысын оның бастапқы ұйымдарында ұйымдастыру кезінде де шешуге жататын проблемаларды түсінетіндігін көрсетеді.

«Солтүстік Қазақстан облысының
Кәсіподақ орталығы» аумақтық
кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Е. Нұрақаев 

Дата публикации
24 июня 2021
Дата обновления
24 июня 2021
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы