Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын іске асыру барысы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы шыққан сәттен бастап Солтүстік Қазақстан облысында Жолдауды ақпараттық жариялау бойынша бірқатар ұйымдастыру іс-шаралары өткізілді.
Президент Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру және бағдарламалық құжаттың іске асырылу барысын жариялау бойынша жұмыс жүргізетін 15 ақпараттық топ құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық жариялау бойынша медиа-жоспар, сондай-ақ Жолдаудың іске асырылу барысы мәселесі бойынша өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің сөз сөйлеу кестесі әзірленді.
Жолдауды өңірлік телеарналар, баспа басылымдары, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы жария ету бойынша кешенді ақпараттық іс-шаралар жүргізіледі.