Өнеркәсіп. 2021 жылғы қаңтар-сәуір нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 107 691,7 млн.теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен 10,3%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (72,0%), 2021 жылғы қаңтар-сәуірде 77 580,8 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен 14,3%-ға жоғары.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде тамақ өнімдерінің өндірісі 49 073,8 млн.теңгені құрады, заттай түрдегі сүт өнімдерінің өндірісі 8,9%-ға, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 29,8% - ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 21,1%-ын алатын машина жасау саласында 16 383,5 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуір көлемдерінен 1,5 есе жоғары.
Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 3 118,2 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 2 529,4 млн. теңгеге шығарылды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында 2021 жылғы қаңтар-сәуірде көлем 22 830,0 млн.теңгені құрады.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде сумен жабдықтау саласының көлемі 4 747,7 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен 18,9%-ға жоғары.
ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде облыстың индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 2021 жылға 675 жұмыс орнын құра отырып, 10,2 млрд.теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-сәуір ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 47045,0 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2020 жылғы қаңтар-сәуір деңгейіне 98,3%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 27,7 мың тоннаны немесе 2020 жылғы қаңтар-сәуірге 100,8% құрады.
Сүт – 132,2 мың тонна (107,7%),
Жұмыртқа – 97,7 млн. дана (52,5%).
2021 ж. 01.05. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
ІҚМ – 498,9 мың бас (103,6%);
с.і. сиыр – 225,5 мың бас (105,1%);
қой мен ешкі – 493,9 мың бас (103,2%);
жылқы – 149,7 мың бас (102,0%);
шошқа – 217,2 мың бас (104,9%);
құс – 4063,2 мың бас (86,9%).
Кәсіпкерлік. 2021 жылғы 1 мамырға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30 073 бірлікті құрады немесе 2020 жылғы сәйкес дата деңгейі 99,8%-ға төмен.
Инфляция. 2021 жылғы қаңтар-сәуір айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 102,7% құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 3,8%, азық – түлік емес тауарлардың бағасы 2,5%, ақылы қызметтердің бағасы -1,5%.

Негізгі капиталға инвестициялар. 2021 жылғы қаңтар- сәуірде қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 66 980,2 млн. теңгені немесе 2020 жылғы ұқсас кезеңге 116,7% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 60,5%), басқа қарыздық қаражат (19,6%), бюджеттік қаражат (16,0%), банк кредиттері (3,9%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (62,0%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (15,9%), өнеркәсіп (11,1%), көлік және қоймалау (4,8%), білім беру (2,2%) табылады.
Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-сәуірде облыс аумағында жалпы ауданы 29 755 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңге 104,9% құрайды.
Сумен жабдықтау
«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2021 жылы мыналарға бөлінді:
- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 4 788,8 млн.теңге (РБ – 4 151,7 млн.теңге, МБ – 637,1 млн.теңге).Ағымдағы жылдың 4 айы бойынша игеру 177 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 2 799,1 млн. теңге. Игеру 972,7 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл-Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 206,3 млн.теңге.
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында сумен жабдықтау нысандарының құрылысына - 540,1 млн. теңге.
Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) жергілікті бюджеттен – 447,1 млн. теңге бөлінген.
2020 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.
Әлеуметтік қорғау. 2021 жылғы қантар-сәуірде өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 5554 адамды құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,6%-ға артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,8 пайызды құрады, бұл 2020 жылы қантар-сәуіргі деңгейден 0,3%-ға жоғары.
2021 жылғы 1 мамырға 3148 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 8510 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 2091 адам жіберілді.
2021 жылғы 1 мамырға 7406 азаматқа 211,9 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 10 млрд. 599,2 млн. теңгені құрады, 2021 жылғы 1 мамыр жоспарындағы 1 млрд. 414,4 млн.теңгеден 1 млрд. 397,0 млн. теңге немесе 98,8 % игерілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 174,7 млн. теңге (ЖБ – 174,7 млн. теңге), есепті кезең жоспары 7,4 млн.теңгені құрады (МБ –7,4 млн.теңге), атқарылғаны 7,4 млн. теңге(МБ –7,4 млн.теңге);
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 3 млрд. 336,2 млн. теңге (РБ – 1 млрд. 573,9 млн. теңге, ЖБ – 1 млрд. 762,3 млн. теңге), есепті кезең жоспары 0,3 млн.теңгені құрады (МБ –0,3 млн.теңге), атқарылғаны 0,3 млн. теңге(МБ –0,3 млн.теңге);
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында денсаулық сақтау объектілерін салуға 2021 жылға жылдық жоспар облигациялық қарыз есебінен 2 268,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
- Петропавл қаласы «Береке» ықшам ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхана салуға – 1 233,9 млн. теңге. Есепті кезең жоспары – 100 млн. теңге, игерілу 82,6 млн.теңгені құрады, орындалған жұмыстар актілерінің болмауына байланысты 17,4 млн.теңге игерілмей қалды;
- Петропавл қаласында тез тұрғызылатын модульдік аурухана сатып алуға – 351,9 млн. теңге құрады;
- Петропавл қаласы Қизатов көшесі, 7А мекенжайындағы емхананың ересектер мен балалар корпустары арасында жылы өткел салу – 3 млн. теңге;
- Петропавл қаласы медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу - 391,1 млн.теңге;
- Петропавл қаласы «Жас өркен» ықшам ауданында 250 адам қабылдайтын емхана салу - 288,5 млн.теңге;
Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 92 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:
- Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша сараптамасымен жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 19 млн.теңге;
- Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылында дәрігерлік амбулаторияны салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 6 млн.теңге;
- Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулаторияны салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 6 млн.теңге;
- Қызылжар ауданы Якорь ауылында дәрігерлік амбулаторияны салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) - 6 млн.теңге;
- Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулаторияны салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 6 млн.теңге;
- Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктті салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 5 млн.теңге;
- Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Привольное ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктті салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) - 5 млн.теңге;
- Жамбыл ауданы Миролюбово ауылында медициналық пунктті салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) - 4 млн. теңге;
- Петропавл қаласы медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу – 10 млн.теңге;
- Петропавл қаласы «Жас өркен» ықшам ауданында 250 адам қабылдайтын емхана салу - 10 млн.теңге;
- «Жас өркен» ықшам ауданында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Түзету - 15 млн.теңге.
Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 - мемлекеттік, 15 - жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 399 шағын-орталық ( 5 жекекменшік) жұмыс атқарады.
2020-2021 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 469 бірлікті құрайды.
Білім беру жүйесін дамытуға 2021 жылы 105,1 млрд. теңге бөлінді.
2021ж.01.05. жоспардағы 31 111,1 млн.теңгеден игерілу 30 670,5 млн.теңгені немесе 98,6% құрады.
Барлығы 2021 жылы білім беру объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 9756,9 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:
- Петропавл қ., Пушкин к-сі, 85 Б мекенжайында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салуға – 6788,6 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 2486,6 млн. теңгеден игерілу 2147,1 млн. теңге. 339,5 млн. теңге игерілмеген - жұмыс кестесінен артта қалу.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен.
– Петропавл қаласы Уәлиханов-Чкалов көшесі мекенжайында 900 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп салу – 200 млн.теңге. Есепті кезең жоспарында 50 млн.теңге, игерілу 37,9 млн.теңге құрады. Орындалған жұмыс актілерінің кеш берілуіне байланысты 12,1 млн. теңге игерілмеген.
– Тайынша ауданы Тайынша қаласында 600 орындық мектеп салу – 1103,7 млн.теңге.
- Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 мекенжайында 120 орындық мектеп салу – 180 млн.теңге.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 4400,5 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 141,1 млн. теңгеден игерілу 138,6 млн. теңгені немесе 98,2% құрады.
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2019 жыл |
Қаңтар- желтоқсан 2020 жыл |
Қаңтар-сәуір |
2021 ж. 2020 ж. % |
|
|
2020 жыл |
2021 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
97,2 |
104,0 |
27,5 |
27,7 |
100,8 |
|
Сүт |
мың тонна |
567,7 |
597,8 |
122,8 |
132,2 |
107,7 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
802,9 |
558,4 |
186,1 |
97,7 |
52,5 |
Сыртқы сауда айналымы
Алдын ала мәлімет бойынша 2021 жылғы қаңтар-наурызда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 79,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылғы сәйкес кезеңге 112,8%, соның ішінде тауарларды экспорттау – 62,8 млн. АҚШ доллары (52,9% ұлғаю), импорт – 16,1 млн. АҚШ доллары (1,8 есе қысқару). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 23,1 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Қытай (барлық экспорт көлемінің 31,4%), Ауғанстан (20,9%), Бельгия (12,6%), Өзбекстан (13,9%), Польша (7,0%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 96,2%-ы немесе 60,4 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Германия (импорттың барлық көлемінен 28,0%), Қытай (14,2%), Украина (11,8%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 60,4%-ы немесе 9,7 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (18,8%-ы немесе 3,0 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (9,3%-ы немесе 1,5 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (3,9%-ы немесе 0,6 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2021 жылғы қаңтар-наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 103,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңнен 26,4%-ға артық, соның ішінде импорт – 85,8 млн. АҚШ доллары (17,2%-ға артық), экспорт – 17,2 млн. АҚШ доллары (2,1 есеге).

