Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2021 жылғы қаңтар-наурыз нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 76 488,5 млн.теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 10,2%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (69,6%), 2020 жылғы қаңтар-наурызда 53 275,5 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2020 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 13,1%-ға жоғары.

2021 жылғы қаңтар-наурызда тамақ өнімдерінің өндірісі 35 434,9 млн. теңгені құрады, заттай түрдегі сүт өнімдерінің өндірісі 8,6%-ға, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 20,7%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 17,1%-ын алатын машина жасау саласында 9 103,6 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурыз көлемінен 43,6%-ға жоғары.

Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 2 182,5 млн. теңгеге өнім шығарылды, басқа да металл емес минералдік өнімдер 1 848,9 млн. теңгеге шығарылды.

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласындағы көлем 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 2,4%-ға жоғары және 17 996,6 млн. теңгені құрады.

2021 жылғы қаңтар-наурызда сумен жабдықтау саласының көлемі 3 486,6 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 17,4%-ға жоғары.

ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде облыстың индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 2021 жылға 675 жұмыс орнын құра отырып, 10,2 млрд.теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-наурыз ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 30099,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2020 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 97,1%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 22,3 мың тоннаны немесе 2020 жылғы қаңтар-наурызға 101,4% құрады.

Сүт – 72,0 мың тонна (109,3%),

Жұмыртқа – 60,7 млн. дана (45,1%).

2021 ж. 01.04. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ – 493,6 мың бас (103,2%);

с.і. сиыр – 220,4 мың бас (105,0%);

қой мен ешкі – 418,3 мың бас (103,0%);

жылқы – 130,9 мың бас (103,5%);

шошқа – 203,3 мың бас (104,8%);

құс – 3340,2 мың бас (77,4%).

Инфляция. 2021 жылғы 1 сәуірге облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 30 117 бірлікті құрады немесе 2020 жылғы сәйкес дата деңгейі 1,8%-ға төмен.

Инфляция. 2021 жылғы қаңтар-наурыз айының нәтижесі бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы 101,9% құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 2,7%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 1,5%, ақылы қызметтердің бағасы — 1,3%.

Негізгі капиталға инвестициялар. 2021 жылғы қаңтар-наурызда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 45 172,8 млн. теңгені немесе 2020 жылғы ұқсас кезеңге 120,6% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 63,9%), бюджеттік қаражат (16,9%), банк кредиттері (3,7%) және басқа қарыздық қаражат (15,5%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (59,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (16,2%), өнеркәсіп (12,3%), көлік және қоймалау (5,0%).

Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-наурызда облыс аумағында жалпы ауданы 25 305 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңге 109,2% құрайды.

Сумен жабдықтау.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2021 жылы мыналарға бөлінді:

  • сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 4 545,6 млн. теңге (РБ – 4 151,7 млн. теңге, МБ – 393,9 млн. теңге). Игеру 76,4 млн. теңгені құрады. Қаржының 2021 жылға арналған жоспары бойынша негізгі мөлшері осы жылдың мамыр айынан бастап қарастырылған.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға — 2 799,1 млн. теңге. Игеру 723,4 млн. теңгені құрады (күнтізбелік жоспардан 100%).

«Ауыл — Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша — жергілікті бюджеттен 161,1 млн. теңге.

Таратылатын сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу ) 359,3 млн. теңге бөлінген.

2021 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

Әлеуметтік қорғау. 2021 жылғы қантар-наурызда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 5175 адамды құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 17,7%-ға артық. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,7 пайызды құрады, бұл 2020 жылы қантар-сәуіргі деңгейден 0,3%-ға жоғары.

2021 жылғы 1 сәуірге 1758 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 5283 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 1606 адам жіберілді.

2021 жылғы 1 сәуірге 6948 азаматқа 148,9 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 7 млрд. 851,1 млн. теңгені құрады, 2021 жылғы 1 сәуір жоспарындағы 686,8 млн. теңгеден 686,8 млн. теңге немесе 100% игерілді, оның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 143,7 млн. теңге (ЖБ – 143,7 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар көзделмеген;
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 3 млрд. 319,4 млн. теңге (РБ – 1 млрд. 573,9 млн. теңге, ЖБ – 1 млрд. 745,5 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар көзделмеген;
  • Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында денсаулық сақтау объектілерін салуға 2021 жылға жылдық жоспар облигациялық қарыз есебінен 1 535,7 млн. теңгені, оның ішінде:
  • Петропавл қаласы «Береке» ықшам ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхана салуға – 1183,8 млн. теңге. Есепті кезең жоспары – 50 млн. теңге, игерілу 100%-ды құрады.
  • Петропавл қаласында тез тұрғызылатын модульдік аурухана сатып алуға – 351,9 млн. теңге құрады.

Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 — мемлекеттік, 15 — жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 399 шағын-орталық (5 жекекменшік) жұмыс атқарады.

2020-2021 оқу жылының басына облыстағы жалпы білім беру мектептерінің жүйесі 469 бірлікті құрайды.

Білім беру жүйесін дамытуға 2021 жылы 104,2 млрд. теңге бөлінді.

2021 ж. 01.04. жоспардағы 20 689,6 млн. теңгеден игерілу 20 664,1 млн. теңгені немесе 99,9% құрады.

Барлығы 2021 жылы білім беру объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 8993,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:

  • Петропавл қ., Пушкин к-сі, 85 Б мекенжайында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салуға – 6788,6 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 2136,6 млн. теңгеден игерілу 2136,6 млн. теңге немесе 100% құрады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен.

  • Петропавл қаласы Уәлиханов-Чкалов көшесі мекенжайында 900 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп салу – 100 млн. теңге.
  • Тайынша ауданы Тайынша қаласында 600 орындық мектеп салу – 1203,7 млн. теңге.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 4572,9 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 48,8 млн. теңгеден игерілу 48,8 млн. теңгені немесе 100% құрады.

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2019 жыл

Қаңтар-желтоқсан 2020 жыл

Қаңтар-наурыз

2021 ж. 2020 ж. %

2020 жыл

2021 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

97,2

104,0

22,0

22,3

101,4

Сүт

мың тонна

567,7

597,8

65,8

72,0

109,3

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

802,9

558,4

134,7

60,7

45,1

Сыртқы сауда айналымы.

Алдын ала мәлімет бойынша 2021 жылғы қаңтар-наурызда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 79,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылғы сәйкес кезеңге 112,8%, соның ішінде тауарларды экспорттау – 62,8 млн. АҚШ доллары (52,9% ұлғаю), импорт – 16,1 млн. АҚШ доллары (1,8 есе қысқару). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 23,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Қытай (барлық экспорт көлемінің 31,4%), Ауғанстан (20,9%), Бельгия (12,6%), Өзбекстан (13,9%), Польша (7,0%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» — барлық экспорт көлемінің 96,2%-ы немесе 60,4 млн. АҚШ доллары.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Германия (импорттың барлық көлемінен 28,0%), Қытай (14,2%), Украина (11,8%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 60,4%-ы немесе 9,7 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (18,8%-ы немесе 3,0 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (9,3%-ы немесе 1,5 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (3,9%-ы немесе 0,6 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2021 жылғы қаңтар-ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше — мемлекеттермен өзара сауда — саттық көлемі 57,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңнен 14,0%-ға артық, соның ішінде импорт – 45,2 млн. АҚШ доллары (1,7%-ға артық), экспорт – 12,3 млн. АҚШ доллары (2,1 есеге).

Дата публикации
11 мая 2021
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы