Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында атап өтілгендей: Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз. Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамыту мен әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс. Қазіргі «5-10-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.».
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
1. Кірістер бойынша облыс бюджеті (РБ-дан НТ, субвенция, меншікті кірістер) 2021 жылғы 1 тоқсанда жоспардағы 55 197,0 млн. теңгеден 103,6%-ға атқарылды немесе 57 190,5 млн. теңге түсті. Оның ішінде:
Жеке кіріс бойынша жоспар 15 119,4 млн. теңге сомасында немесе 111,3% атқарылды (жоспар – 13 582,0 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаментімен ескеретін салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 11 952,0 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттің жоспары 6 750,0 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 5 202,0 млн. теңге.
Есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 13 011,7 млн. теңге немесе 108,9%, сонымен қатар облыстық бюджетке 6 822,2 млн. теңге немесе 101,1%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне – 6 189,5 млн. теңге немесе 119,0% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 40 851,3 млн. теңге сомасында немесе 100,0% түсті.
2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2021 жылғы 1 тоқсанда 99,9% атқарылды, жоспардағы 55 253,0 млн. теңгеден шығыстар 55 180,7 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 72,3 млн. теңге сомасында игерілмеді.
Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2021 жылғы 1 тоқсанда 22892,3 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9% (жоспар – 22918,6 млн. теңге).
Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы жоспар 2136,6 млн. теңге, игерілгені – 2136,6 млн. теңге немесе 100%.
Күрделі жөндеуге 1,6 млн. теңге бағытталды, игерілу 1,6 млн. теңгені немесе 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 47,2 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады (жоспар 47,2 млн. теңге).
1-кесте

Денсаулық сақтау бойынша 2021 жылғы 1-тоқсанда шығыстар 716,2 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе 100 % (жоспар 716,2 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға есепті кезеңге арналған жоспар көзделмеген.
2-кесте

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 2 330,8 млн. теңгені немесе жоспардың 99,9% құрады (жоспар 2 331,9 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 12,1 млн. теңге немесе жоспардың 100% бағытталды (жоспар 12,1 млн. теңге).
3-кесте

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 1268,2 млн. теңгеден 1272,9 млн. теңгені немесе 99,6% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 15,6 млн. теңге немесе жоспардың 80% бағытталды (жоспар 19,6 млн. теңге).
4-кесте

Спорт бойынша жоспардағы 1812,7 млн. теңгеден 1811,6 млн. теңге немесе 99,9% игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 3,9 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 3,9 млн. теңге немесе 100%).
5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2021 жылғы 1 сәуірдегі тұрғын үй салуға шығыстар 2 251 млн. теңгені құрады (жоспар 2 251 млн. теңге немесе 100%), республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 1 677,6 млн. теңге тұрғын үй салуға бағытталды.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 4 525,7 млн. теңге бөлінді, жоспар 1.04.21 ж. 76,4 млн. теңге 76,4 млн. теңге немесе 100% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 2021 жылғы 1 сәуірдегі 1 058,8 млн. теңге игерілді (жоспар 1 063,9 млн. теңге немесе 99,5%).
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
Мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасының даму стратегиясын іске асырудың негізгі нысаны болып табылады.
Облыста өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған 12-ге жуық мемлекеттік және салалық бағдарламалар іске асырылады.
2021 жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға 102,5 млрд. теңге көзделді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 74,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 28,0 млрд. теңге. 2021 жылғы 1-тоқсанда 16,1 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 10,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 5,2 млрд. теңге. Оның ішінде:
1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы. 2021 жылға 17 млрд. 845,1 млн. теңге көзделген.
Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру арқылы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын экономиканың маңызды секторларының бірі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 1 сәуірге 2 млрд. 771,9 млн. теңге бағытталды.
Аталған бағдарлама АӨК-дегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтуға бағытталған.
2. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 2021 жылға 2 млрд. 440 млн. теңге, оның ішінде РБ есебінен – 1 млрд. 989 млн. теңге, ЖБ – 450,9 млн. теңге.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының негізгі мақсаты – ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жаңғырту, оларды Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.
3. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы 2 млрд. 355,9 млн. теңге көзделді, оның ішінде РБ есебінен – 937,4 млн. теңге, ЖБ – 1 млрд. 418 млн. теңге. 2021 жылғы 1-тоқсанда 1 млрд. 158,2 млн. теңге бағытталды, оның ішінде РБ есебінен – 458,2 млн. теңге, ЖБ есебінен –700 млн. теңге.
Аталған бағдарлама өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін, сондай-ақ бар жұмыс орындарын қолдауды және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.
4. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы 41 млрд. 979 млн. теңге көзделді, оның ішінде РБ есебінен 27 млрд. 418 млн. теңге, ЖБ есебінен – 14 млрд. 561 млн. теңге. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 8 млрд. 733 млн. теңге бағытталды, оның ішінде РБ есебінен – 5 млрд. 486,8 млн. теңге, ЖБ есебінен – 3 млрд. 246,2 млн. теңге.
Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде білім мен ғылымның сапасы жақсарды, 3 ауысымдық оқыту жойылуда, 150 және одан да көп оқушы орнына арналған мектептерде дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалуда, кабинеттер компьютерлік техникамен, тірек колледждерді қазіргі заманғы жабдықтармен және бағдарламалармен қамтамасыз етіледі.
Жалпы алғанда, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылдық аумақтарды дамытуға бюджетті бекіту кезінде жалпы облыс бойынша 57,6 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылды, ол халық саны 495,9 мың адамды құрайтын 270 ауылдық елді мекенді қамтиды.