Меню

Страницы

Статья

«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына, тексеру комиссиясына және Солтүстiк Қазақстан облысының жергiлiктi бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдарына көлiктiк қызмет көрсету үшiн автомобильдiң жүру лимитiн айқындау туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi шешiмiнiң жобасына Пресс релиз

Бұл шешiмдi дайындау «Мемлекеттiк органдарды қызметтiк және кезекшi автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыру үшiн алаңдармен қамтамасыз етудiң заттай нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына жүру лимитiн «2 100 километрден асырмай» азайту бөлiгiнде өзгерiстер енгiзуге негiзделген.

Осы мәселе бойынша алдында белгiленген 2 100 километрден асатын жүру лимитiн жою бөлiгiнде Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2021 жылғы 26 ақпандағы «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшiн жою туралы» шешiмi қабылданды.

Жобаны iске асыруға байланысты қосымша қаржы шығыны талап етiлмейдi.

«Солтүстiк Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органдарына, Облыстың тексеру комиссиясына және Солтүстiк Қазақстан облысының жергiлiктi бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдарына көлiктiк қызмет көрсету үшiн автомобильдер жүрiсiнiң лимиттерiн айқындау туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң шешiмiнiң жобасы 2021 жылғы 05.03-25.03 аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. Бұл жоба 26.03.2021 жылы онлайн-талқылаудан өттi (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=7281644).

Дата публикации
25 марта 2021
Дата обновления
25 марта 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы