Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі — МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
389 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 335 кресло-арба сатып алынды;
430 сурдо-техникалық құрал, 410 құрал сатып алынды;
406 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 401 құрал сатып алынды;
2029 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 1270 құрал сатып алынды.
18 адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2395 іс-шара (протездік ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 2144 іс-шара орындалды.
715 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 556 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1500 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 577 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 356 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 221 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.
"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" КММ, Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64, 8(715-2)-46-46-97 тел. нөмiрі бойынша толық ақпарат алуға болады.