Этникалық көшi-қон
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан — 181 отбасы (608 адам), Түркiстан облысынан — 160 отбасы (659 адам), Алматы облысынан — 76 отбасы (309 адам), Шымкент қаласынан — 62 отбасы (280 адам), Жамбыл облысынан — 59 отбасы (214 адам), Қызылорда облысынан — 39 отбасы (150 адам), Алматы қаласынан — 23 отбасы (74 адам) және Маңғыстау облысынан — 13 отбасы (53 адам) қоныс аударды, олар облыстың барлық аудандары мен Петропавловск қаласында орналастырылды.
Көшiп келген 2347 адамның iшiнен 1026-сы еңбекке жарамды жаста (оның iшiнде 374-і жұмысқа орналасты, 122-сі өз iсiмен айналысады),1195-i бала, 59-ы зейнеткер және 67-сi студент.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 32 отбасы (62 адам) енгізілді. 62 қандастың 27 – сі еңбекке қабілетті жаста, оның 2 –уі жоғары білімді және 25 – сі орта білімді, 20 – сы бала, 14 - і студент, 1-уі зейнеткер.
Отбасылар Қытай Халық Республикасынан - 24 отбасы (52 адам), Моңғолиядан – 3 отбасы (5 адам), Өзбекстан Республикасынан – 3 отбасы ( 3 адам), Ресей Федерациясынан-2 отбасы (2 адам) келді.
2021 жылы 123 адамға оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасы белгiлендi. Квотаға 13 отбасы 37 адаменгiзiлдi.
Еңбек көшi-қоны
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2 кәсiпорын шетелдiк жұмыс күшiн тартады, шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 6, оның iшiнде бiрiншi санат бойынша — 1 және үшiншi санат бойынша — 5 рұқсат әрекететедi.
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64, 8(715-2)-46-37-43 телефоны арқылы толық ақпарат алуға болады.