Меню

Страницы

Статья

Жұмыспен қамту

Басқарма жергiлiктi атқарушы органдарды және Халықты жұмыспен қамту орталықтарын жұмыспен қамту мәселелерi бойынша үйлестiрудi және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ жұмыс күшiнiң бiр бөлiгiне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, iске асырылатын мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде жұмыс орындарын құру мониторингiн жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментiнiң деректерiне сәйкес 2021 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9%, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,0% құрады. Жұмыспен қамту қызметтерiнiң көмегiмен 13070 адам жұмысқа орналастырылды. 54 бос орындарының жәрмеңкесi өткiзiлдi, онда 5394 бос жұмыс орны ұсынылып, жұмыспен қамту шараларымен 1067 адам қамтылды, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 534 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 151 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарына 52 адам, жастар тәжiрибесiне 53 адам, кәсiби оқытуға 277 адам жiберiлдi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты шеңберiнде 1019 адам, оның iшiнде:

  • техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаумен - 426 адам.
  • қысқа мерзімді оқытумен-515 адам.
  • «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» («Серпін») жобасы аясында кардрларды даярлаумен - 78 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты аясында жұмыспен қамту шараларымен 2031 адам, соның iшiнде:

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен — 831 адам қамтылды.

  • ауылда және қалаларда кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау үшiн 1259,9 млн. теңге сомасына 447 шағын несие берiлдi.
  • жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 433,3 млн. теңге сомасында 752 грант берiлдi.
  • 1 млн. теңге сомасына 1 кепiлдiк берiлдi.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты шеңберiнде жұмыспен қамтудың белсендi шараларымен 4554 адам қамтылды, оның iшiнде:

 қоғамдық жұмыстар 3618 адам (жоспар 3054 адам);

  • әлеуметтiк жұмыс орындарына 505 адам (жоспар 421 адам);
  • жастар тәжiрибесiне 431 адам (жоспар 376 адам) жiберiлдi.

2021 жылғы 01.10. жағдай бойынша облыста 11490 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардың 84,3 % (13629) орындалды. Оның iшiнде тұрақты 9925 жұмыс орны немесе жылдық жоспардың 83 % (12000) орындалды. Ең көп жұмыс орындары Петропавл қаласында құрылды — 2655.

Бос орындар туралы хабарламалар «Электрондық еңбек биржасы» (Enbek.kz) сайтында https://www.enbek.kz/kk/search/vac?region_id=59  орналастырылды.

 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64 8(715-2)-46-22-05 телефоны арқылы толық ақпарат алуға болады.

 

Дата публикации
01 октября 2021
Дата обновления
01 октября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы